Мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі сотталғанды түзету және қоғамға заңға бағынатын адамды және азаматты қайтару. Осы мақсатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға қатысты тиісті түзеуіне әсер ету құралдарының бірі тәрбиелік әсер етеу, оның ішінде оң әлеуметтік байланыстарды сақтау: қоғамдық еңбек; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу, техникалық және кәсіптік білім беру; қоғамдық ықпал ету болып табылады.
Осы жұмыс аясында Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ Департаментімен «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда», ол сотталғандарды кітап оқуға тартуға, ал өткен әдебиеттер мен алынған материалдардың қорытындысы бойынша көтермелеу.
Жобаның негізгі мақсаты-сотталғандарды қолдау, оларды оқырман қызығушылық, сауаттылық, еліктіріп түзету және көтермелеу шараларын қолдану арқылы құқыққа бағынушылық мінез-құлыққа бейімдеуге бағытталған.
Осыған орай, Шымкент қалсы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасы жүзеге асырылды және 23.09.2021 жылы сағат 15:30-да мекеменің мәжіліс залында жаза өтеуші сотталған азаматшалардың Жоба аясында дайындаған эсселері және түсініктері тыңдалып, белсенділік танытқан сотталған азаматшалар іріктеп алынып көтермелеу шаралын қолдануға ұсынылды .