Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2021 жылдың 9-тамыздан бастап республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Аталған іс шараның мақсаты — интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.
Сондай-ақ, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.
Шымкент қаласының полиция Департаменті қызметкерлері де бұл жедел-профилактикалық іс-шараға белсене қатысуда. «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша 24 жайт анықталды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқарма қызметкерлерімен порнографиялық материалдарды таратудың 2 жайты ашылды. Абай АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың 4 жайты, Әл-Фараби АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың 5 жайты, Еңбекші АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың 6 жайты, Қаратау АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың 7 жайты анықталды.
Шымқалалық тұрғындарға қарсы интернет жүйесі арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларды құрықтау бойынша іс-шара жалғаса бермек.