Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әрбір Жолдауында мемлекеттің болашағы дені сау, тәртіпті де тәрбиелі, білікті де білімді жас ұрпақпен байланысты екенін айтып келеді. Сол себепті де елімізде, оның ішінде тұрғындарының үштен бірін жастар мен жасөспірімдер құрап отырған Шымкент қаласында да балалар мен жасөспірімдердің, яғни кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылығына жол бермеу, жаман да зиянды әдеттерден бойларын аулақ салуын қадағалау, заңды сыйлайтын дұрыс азамат болып өсуіне қол жеткізу бағытындағы Мемлекеттің Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында тұрақты жұмыс жасалады.
Сондай жастар саясатына қатысты іс-шараның бірі кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ата-анасы немесе жауапты заңды өкілінсіз көшеде, қоғамдық орындарда сенделіп жүруіне жол бермеу мақсатындағы рейдтік шолулар.
Шымкент қалалық полиция Департаментінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары қала бойынша күнделікті рейдттер, жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырып отырады.
Шымкент қаласының Абай аудандық полиция департаменті ювеналдық полиция қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың арасында құқық бұзушылыққа барудан сақтандыру мақсатында ауданға қарасты территорияда күн сайын рейдттік профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Осындай кезекті рейд барысында ювеналды полиция инспекторлары түнгі сағат 23.00-ден кейін ата-аналарынсыз, не заңды өкілінсіз көше кезіп жүрген 4 жасөспірімді анықтады. Полиция олардың заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 статьясының 2 бөлігі бойынша хаттама толтырды. Оған қоса осы заңның 442 статьясының 1- бабымен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі 22.00-ден таңғы 06-,а дейін көңіл көтеру, сауық-сайран құру орындарында жүруі) бір тұрғын жауапкершілікке тартылды. Енді бір азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132 бабымен (кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта көңіл көтеру орнына кіргізгені үшін) жауапкершілікке тартылды.