Президент Қ.К.Тоқаев құқық қорғау органдарының пандемиялық жағдайда да халықтың талап-тілегін қанағаттандырып, заңсыздық пен құқық бұзушылық орын алмауын қадағалауды, заңның үстемдігін орнатуды талап еткендіктен де Шымкент қаласының құқық қорғаушылары қарапайым азаматтарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алып, алаяқтардың адымын аштырмауға күш салуда.
2021 жылдың 6-тамызында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 200.000 теңге ақшасын иемденген. Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп 500.000 теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Түркістан облысының азаматы анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Осы Қаратау ауданының Полиция басқармасына тағы бір жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, жиһаз қажет болғандықтан мобильді қосымша арқылы жарнамаларды қарап отырып «жиһаз жасауға тапсырыс қабылдаймыз»-деп жазба қалдырған азаматшамен ауызша келіскендігін көрсеткен. Сондай-ақ, тұрғынның айтуынша, тапсырыс алған азаматша «жиһаз жасап беремін»-деп, алаяқтық жолмен 397.000 теңге қаржысын алып, қазіргі таңда ақшасын қайтармай және жиһаз жасап бермеген.
Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.