Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың дені сау, жан-жақты дамыған, заман талабына сай болып өсуіне жағдай жасауды тапсырғаны белгілі. Қазіргі кезде елімізде жас ұрпаққа барлық жағдайды жасау бойынша көптеген жұмыстар жасалуда. Дегенмен, мемлекеттің соншама қамқорлығына қарамастан жекелеген ата-аналардың жауапсыздығынан балалар өміріне қауіп төніп жатқан жағдайлар да кездесіп отыр.
Балалардың жазым болуына соқтыратын терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды. Миллиондық қала бойынша жергілікті құқық қорғау органының қызметкерлері жоспарлы түрде осындай келеңсіз оқиғаның алдын алу үшін жұмыс жүргізіп келеді.
Әл-Фараби АПБ Ювеналдық полиция қызметкерлері балалардың терезеден құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында көпқабатты үй тұрғындарына арнайы кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында ата-аналарға, әсіресе кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажеттілігі айтылып, қауіпсіздік ережелерінің жиынтық жаднамасы таратылды. Онда көпқабатты үйлерде кішкентайлардың терезенің алдына шығып алуы, абайсызда құлап кетіп қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екендігі жазылған.
Тәртіп сақшылар балалардың қауіпсіздігі үшін, сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді.