Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша Шымкент қаласының әкімдігі жан-жақты жұмыстар жасауда. Соның бірі тұрғындардың күнделікті өмірінің жайлылығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерді жаңартып, қызмет сапасын арттыру және қалаішілік автожолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінде Шымкентте қоғамдық көліктер жаңарып келеді. Сондай-ақ көлік қатынасында автобустар паркі мың дана техникаға жетеді. Оның ішінде 600-і жаңа автобус маршруттарға шығарылса, жыл соңына дейін қала тасымалдаушылары тағы 290 дана жаңа автобуспен толығады. Нәтижесінде, қаланың қоғамдық көліктер паркінің жаңаруы 80 пайызды құрамақ.
Жол қозғалысын автоматты режимде реттеу үшін 20 жол қиылыстарына бағдаршамдар орнату, 16 орынға белсенді жаяу жүргіншілер өткелін салу, және 2500 дана жол белгілерін орнату жұмыстары жоспарланып, іске асырылуда. Бүгінде ол жұмыстардың 80 пайызы атқарылған.
Қазіргі таңда шаһарда Жолаушылар тасымалы бойынша 78 маршруттық кесте бекітілген. Оның ішінде 29 маршрут ішкі орамдық қоғамдық көлік қатынасына жатады. Қала бойынша 57 маршрут әлеуметтік мәні бар қатынастар санатына енгізілген
Шымкенттегі көлік кептелістерін реттеу бағытында да біршама шаруалар атқарылуда. Байтұрсынов көшесінде көліктер бір бағытта қатынайтын болады. Ал, Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жол айрықтың құрылысы аяқталуға жақын.
Қала тұрғындарынің игілігіне жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.