Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылға арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында және жыл басынан бері бірнеше мәрте елдегі эпидеиологиялық ахуалға байланысты пандемия кезінде карантин талаптарын қатаң сақтауға қол жеткізбей індеттің бетін қайтару мүмкін еместігін айтып келеді.
Сондықтан да, азаматтардың карантиндік режим талаптарын қатаң сақтауын жергілікті билік жан-жақты қадағалуға тиісті. Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов те таяуда қаладағы мобильдік топтардың жұмысын ширата түсу жөнінде айтқан болатын.
Шымкент қаласының Абай ауданы Қызылжар шағынауданы Жиделібайсын көшесі бойындағы 14 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды.
Мобильдік топпен бірге аудан әкімі Б.Парманов іс-шара барысында «Нұр-777», «Кездесу», «Дидар», «Сұлтан ата» Bomond”, «Ынтымақ», «Аль-акрам» және т.б, тойханаларға той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды. Қарантин талаптарын сақтамау құқық бұзушылыққа жатады. Сондықтан да, мобильдік топтар бас санитар қаулысын бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Яғни, азаматтардың індетпен ауырып қалуының алдын алуға тырысуда.
Шымкент қаласының барлық аудан аумағында мобильдік топтардың жұмысы қарқынды жүргізілуде.