Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауында және одан кейінгі сөздерінде жас ұрпақ тәрбиесі мен олардың денсаулықтарының мықтылығы, салауатты өмір салтын ұстануы, спорт, денешынықтыруды өмірлеріне серік етіп шынығулары тиістігін айтты.
Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің үшінші мегаполисінен балалар алаңшалары мен ашық спорттық алаңшалар салу ісіне қала әкімдігі көп көңіл бөліп отыр. Бірінші жартыжылдықтың өзінде ондаған балалар алаңшалары қаланың шалғай тұрғын алаптарынан ашылды, салынып та жатыр.
Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба бекітілді. Осылайша аудан әкімі Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасын іс жүзінде орындап, халықтың талап-тілегімен санасып, олардың ұсыныстарын ескерді.
Айта кетсек, аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең — кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Рас болса