Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің қазақстандықтарға арнаған Жолдауында жаңа жағдайға бейміделіп қмір сүру, жұмыс жасау арқылы мемлекетіміздің лайықты болашаған қамтамасыз етуге шақырды. Әсіресе, жастар саясатын белсенді де тапқырлықпен жүргізудің маңыздылығын атап айтты.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Шаңырақ» институты қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасында өмірге құштарлықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Тренингке кәсіби психолог ҚР Ассамблясының және республикалық аналар кеңесінің спикері Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және жас психологтар мен жалғыз басты жас аналар қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың өмірге деген құлшынысты арттыру, өмір туралы түсініктерін кеңейту, өмірді түсінуге баулу. Аталмыш шара барлық санитардық-эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізілді.
Соңғы жылдары жасөспірімдер мен жастар арасында өмірден безіну, сәл қиыншылық көрсе күрт сынып, күйгелектікке салыну, түңілу сияқты келеңсіз көріністер көбейіп, жастар арасында өзіне өзі қол жұмсап жас өмірін қию да көбейіп кетткені жасырын емес. Шымкент қалалық әкімдігі, оның жастар басқармасы мен жауапты мекемелері осы жағдайды түзету бойынша жемісті жұмыс жасай бастады.
Жоғарыдағы өткізілген мотивациялық семинар-трениниг те көптеген жастардың өмірге құштарлығын оятып, қиындықтарға қарсы тұруына көмектесері сөзсіз.