Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз» деп қазақстандықтардың лайықты тұрмыс кешуін ғана емес, олардың құқтарын қорғап, мемлекетте заң үстемдігін орнатуды маңызды мәселенің бірі деп белгілеген еді.
Миллион бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу арқылы тұрғындардың құқықтарын қорғау бойынша қалалық полиция департаменті тынымсыз жұмыс жасауда.
Полицейлер ақшаңызды көбейтіп береміз деп алдап кеткен компания қызметкерлерін анықтады. Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгілі бір компания қызметкерлері ақшаңызды көбейтіп береміз деп, қаржыны өздерінің есеп-шоттарына салдырып алып, иемденіп кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға шақырады.
«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.