• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 14 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАСТАР ДА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

24.07.2021
in Басты ақпарат
ЖАСТАР ДА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында экология, елдімекен, қалалар тазалығына мән беруге басымдық берілсін деген. Сондықтан да Шымкент қаласының басшылығы тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына ерекше мән береді.

Оқи отырыңыз...

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

12.12.2025
Қытайлық инвесторлар Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында: энергетика саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

Қытайлық инвесторлар Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында: энергетика саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

08.12.2025
Түркістан облысының кәсіпорындары 2025 жылғы ұлттық байқауларда үздік атанды

Түркістан облысының кәсіпорындары 2025 жылғы ұлттық байқауларда үздік атанды

05.12.2025

Үшінші мегаполисте «Өз елімде із қалдырмай SAYAHATTIME» акциясы негізінде «Таза  қала» акциясы басталды. Қайырымдылық істер марафоны шеңберіндегі шараны «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, Шымкент қаласының іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастыруда.

– ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қалалардың ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс» деген болатын. Олай болса Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алынған «Таза қала» акциясының қолдау табатынына сенімдіміз. Қалалықтарды жанашырлық танытып, шараға белсене атсалысуға шақырамын, — деді «Нұр Отан» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.

Акция аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен ұйымдастырушылар Жангелдин көшесі бойындағы  Қошқар ата өзенінің жағалау бөлігін қоқыстан, сынған  ағаш бұтақтарынан тазартты. Су арнасының бітелген көздерін ашты.

Тазалық шарасына Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев және мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының студенттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсене қатысты. Акцияға әсіресе, жастар белсене қатысты.

Мұнан бөлек, аудан аумағының тазалығына жауапты мердігер мекемелердің жұмысшылары мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.

«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

12.12.2025
ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ

12.12.2025
ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ

12.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған