Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында құқық қорғау органдарын реформалауды тапсыра келіп, олар қылмыспен күресумен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына да баса көңіл бөлуі тиістігін айтқан болатын. Еліміздің үшінші мегаполисінде құқық бұзушылыққа жол бермеу, алдын алу шараларын жиі өткізу жүзеге асырылып келеді.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің ювеналды полициясы қызметкерлері түнгі мезгілде жиі рейд жасап, кәмелетке толмағандардың көше кезіп, не түрлі сауық-демалу орындарында болуының, құқық бұзушылыққа ұрынуының жолын кесу шараларын жүргізеді. 21 шілде күні жасөспірімдердің құқық бұзуының алдын алу, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген балалардың қатерге ұрынып қалмауын қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейд жасалды.
Түнгі рейд барысында заңды өкілдерінсіз көше кезген 21 жасөспірімді анықтап, олардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442 бабында қарастырылған әкімшілік шараларын көрді.
Жасы 18-ге толмаған жасөспірімдер заңды өкілдерінсіз өз беттерінше түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейінгі аралықта ойын-сауық орындарында болуына заңмен рұқсат етілмейді. Сол сияқты түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ересек заңды өкілдерінсіз үйінен тыс жерде жүруіне де тиым салынған. Осы талаптарды бұзған жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдеріне бірінші мәрте ескерту беріліп, одан нәтиже шығармай қайтадан құқық бұзған жағдайда айыппұл төлейді. Сондықтан да мегаполис полицейлері жұртшылыққа кәмелет жасына толмаған балаларын түнге қарай үйден жалғыз шығармауға кеңес береді.
«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.