Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында өте маңызды мәселелер көтерілген еді. Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Арада өткен алты-жеті ай көлемінде Ел басшысының алға қойған міндеттері пандемиялық кедергілерге қарамастан Шымкентте айтарлықтай көлемде іске асырылды деуге болады.
Мегаполисте инвестиция тарту арқылы құрылыс жүргізу, жаңа кәсіпорындар ашу, жаңа мектептер салу, шағын және орта бизнестің ауқымын арттыру, жұмыссыздықты азайтып, шымқалалықтарды түрлі нарықта сұранысқа ие түрлі мамандықтарға арнайы курстарда оқытып, жеке ісін бастаймын дегендерге кәсіпкерлік бөлімдері бизнес-жоспар құрудан бастап, кәсіпкерліктің әліппесін үйретуде. Соның арқасында көптеген қала тұрғындары мемлекеттің бөлген гранттарын иеленіп жеке істерін ашуда.
Жолдауда Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді жоспарлар мен іс-шаралар құрылатынын және пандемиямен күресуге 1 трлн. теңге қаржы жұмысалатынын айтылған еді. Шымкент қаласында індетпен күресте мемлекеттің бөлген қаржысын тиімді пайдалана білуде. Қалада карантиндік шектеулерді жұрттың орындауы қатаң бақылауға алынған. Құқық қорғау, әкімдік тағы басқаларының өкілдерінен тұратын арнайы топтар халыққа коронавирустен сақтану жолдарын түсіндіріп, тегін бетперде таратып, кедей отбасыларына дәрі-дәрмекті тегін таратуда. Шымкентте пандемияның ушығып кеткен жағдайына да алдын ала дайындық толық жасалған. Қазіргі кезде дайындалған төсекорынның жартысына жуығы ғана толып отыр.
Сол сияқты Шымкенттегі «Казмедприбор» кәсіпорны да індетпен күресте өзінің медициналық өнімдерін өндіруді 37 пайызға дейін ұлғайтуда. Кәсіпорын өндірген ондаған түрлі өнімдер пандемиямен күресте тек Шымкент қаласы емес бүкіл Қазақстан аумағына таратылуда. Тіпті көрші мемлекеттер де оған тапсырыстар беруде.
Осылайша Президент Жолдауы Шымкентте қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл қарқынды жұмыстар карантиндік талаптар сақтала отырып жыл аяғына дейін бәсеңдемейді, деп сенеміз. Жолдауда алға қойылған міндеттер, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық сала, індетпен күрес бағыттары бойынша бірінші кезекте орындала бермек.
«Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.