• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жағдайды жеңілдетуге септігі тиюде

24.07.2021
in Басты ақпарат
Жағдайды жеңілдетуге септігі тиюде

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің биылғы жылға арнаған Жолдауында әлемдік пандемиямен күреске көп көңіл бөліп, індеттің алғашқы жылы тәжірибесіздіктен жіберілген кемшіліктерді болдырмай, азаматтардың денсаулығы мен емделуі, індеттен сақтану мәселелеріне жергілікті әкімдіктің жіті көңіл бөлуін тапсырды.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Үшінші мегаполисте пандемиямен күресте қыруар іс атқарылуда. Індетке қарсы вакцина салуда қала бірінші орында келеді. Ауыра қалғандарға арналған төсек-орын саны мен маман медперсонал жеткілікті. Жедел медициналық жәрдем қызмет де сай.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидахуалдың нашарлауына байланысты барлық жағдайды жіті назарда ұстауда.

«Жедел медициналық жәрдем көрсету» стансасының 112 Call-орталығына бір тәулік ішінде 2100 шақырту түсуде. Мұнда тәулік бойы 30  диспетчер қызмет етеді.

Таяуда сол Орталық жұмысының дайындығын пысықтау барысында барып көзімен көрген қала басшысы науқастарды жедел қабылдау және емдік шараларды тез арада жүргізу процесін оңтайландыруды және қателікке жол берілмеуі тиіс екенін атап өткен еді. Сонымен қатар, пандемияға байланысты құрылған штабтың жұмысын күшейтуді тапсырған. Қазіргі қала «қызық аймаққа» кіріп, ахуал қиындай түскен кезде Орталық жұмысының ширатылуы көп жағдайды жеңілдетуде.

Мұндағы ерекшелік – орталық келіп түскен қоңырауларды басқаруда PRI арнасындағы үздіксіз режимдегі байланыс желісі және спутниктен бақыланатын жүйе мен мобайл интернет пайдаланылады. Операторлар небәрі 10 секунд ішінде бригадаға шақырту туралы хабар жібереді. Мұнымен қатар, осынау ақпарат жүйесі арқылы Шымкент қаласы картасынан мекенжайларды іздеп, көлік қозғалысын қадағалап, жылдамдығын, күту уақытын және тағы басқа операцияларын автоматты түрде бақылай алады.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған