• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 23 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Алға қойған Президентіміздің мақсаты көп

19.07.2021
in Басты ақпарат
Алға қойған Президентіміздің мақсаты көп

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын толығымен тыңдадым. Он бір бөлімнен тұратын мемлекеттің алдағы болашаққа арналған жоспары əрине, көңілге үміт сыйлағаны рас. Үлкендерді мазалайтын халықтың əлеуметтік жағдайы, болашақ ұрпақтың ертеңі, сонымен бірге жер, тіл мәселесі екені айдан анық.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

21.10.2026

Президентіміз «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасындағы тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын айта келе, жұмыс жасап жүрген азаматтар мен азаматшалар зейнет қорында жиналған қаржының бөлігін қолдана алатындығын, бүгінгі таңда көп балалы аналарға, мүгедектерге арендалық үй салуды көбейту керектігін атап өтті. Маған ұнағаны ауылды жерде ірі кəсіпкерлерге төмен төлемді жер үй салуды қолға алуды ұсынғаны.

Қоғам болып интернет бетінен тұрмай қалған жастарымызды еңбекке баулу, спорттық үйірмелер, клубтар ұйымдастыруды, қол жетімді сапалы білім, онлайн оқу жүйесін жөнге келтіру, елді-мекендегі дәрігерлік фельдшерлік мекемелердің халыққа қызмет көрсетуін жергілікті басшылыққа жүктеді.

Ауыл əкімдерін болашақта халық өзі сайлап ала алатындығын дұрыс шешім деп білемін. Енді міне, Президентіміздің бастамасымен ауыл әкімдерін сайлау өтпек.

Болашақ ел сайлар әкімдерге қояр талабы да орынды. Жасы 25-ке толған, мемлекеттік қызмет саласында тәжірибесі бар, сыбайластық жемқорлықтан аулақ жан болу керек деп айқындап берген.

Сонымен бірге еліміздегі белең алған жемқорлықпен күресті талдай келе жалғыз ғана ішкі істер мекемесінің қызметкерлері ғана емес, өзін ҚР-ның азаматымын деген кісіде өзінің үлесін қоса алатындығын айтып өтті. Адам құқығының аяққа басылмауын, қатаң ретімен заңға сəйкестендіре отырып шешілетін əр іске мұқият қарауларын, сонымен бірге сотқа барған əр істерде шикіліктің көп екенін, сот шешімін аяқ астында шығара салатындарын қадап айтты. 2021 жылдан бастап қос азаматтығы бар қызметкер жұмыстан босатылатыны туралы айтып өтті. Еліміздегі адам саудасының көлеңкелі жағын ашу жұмысын жолға қою мақсатында қоғамдық келісім кеңесінің, көмегіне жүгіну керектігін, сонымен бірге саяси реформаларға халықты қатынастыру керектігін айтып өтті.

Білімсіздік, популизм қазақтың басты дауы деді, Президент. Сөз соңында Ахмет Байтұрсыновтың: білімді болу үшін, білім керек, ақылды болу үшін, оқу керек, күшті болу үшін, ауызбіршілік керек деген дана тілегімен аяқтады.

Иə, алға қойған Президентіміздің мақсаты көп. Сол ірі, халық игілігі үшін құрылған жоспарларының орындалуына өз қара басым шын жүректен тілектеспін.

Ғазиза БАЙСЕЙТОВА,

Шымкент қалалық

саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қызметкері.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

Guard Next: В преддверии Дня Республики оркестр Национальной гвардии выступил на Кок-Тобе.

22.10.2026
Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

22.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «REPUBLIC DAY» ЖӘНЕ «BEREKE FEST» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

22.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған