• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 25 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ АЛАҢДАТАДЫ

15.07.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ  АЛАҢДАТАДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шаралар туралы баспасөз брифингі өтті,-деп хабарлайды newqazaq.kz ақпараттық порталы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы таратқан мәліметке сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

25.06.2025
Қала әкімі «Химфарм» АҚ жаңа брендінің және Еуропалық Одақтың GMP сертификатының таныстырылымына қатысты

Қала әкімі «Химфарм» АҚ жаңа брендінің және Еуропалық Одақтың GMP сертификатының таныстырылымына қатысты

25.06.2025
Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.

Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.

24.06.2025

Шыңғыс Жұмабекұлының баяндауынша, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтіліп отыр. Мәселен, Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді. Бүгінде 2 564 адам емделуде, оның ішінде 1 346-сы стационарда, 1 218-і үйлерінде карантин режимінде. Соңғы 14 күнде коронавирус індетін жұқтырған науқастармен қатынаста болған 6 379 азамат амбулаторлық бақылауда.

– Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі, бұл жағдай әкімдіктің тұрақты бақылауында. Шаһарда коронавируспен күрестің 3 сценариі әзірленген. Бұл ретте бүгінде қалада мамандандырылған инфекциялық 2 196 төсек-орын бар. Дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету құрылғысы (ИВЛ) жеткілікті. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы – коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау. Шымкент қаласы бойынша қазірге дейін I компонентпен 330 305 адамға, ІІ компонентпен 202 020 адамға екпе егілді. Жалпы вакциналанған тұрғындардың саны қала бойынша 60 пайыздан асып отыр. Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 43 егу бекеті және 25 жылжымалы егу бекеті бар. Ең маңыздысы – халықтың денсаулығы, адамдардың амандығы. Алдағы екі аптада эпидемиологиялық ахуалды бақылап, зерделейміз. Егер жағдай тұрақталса, карантин шаралары жеңілдейді. Сондықтан, санитарлық талаптарды мейлінше қатаң сақтауға шақырамын,-деді Шыңғыс Мұқан.

Баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев «Атамекен» ҚР ҰКП эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдіретінін айтып, ахуалға байланысты бизнес субъектілерін минималды шығынмен шығару мақсатында ұсыныстарын жеткізді.

– Ең алдымен, вакцинациялау бойынша ынталандыру шаралары ретінде бизнес субъектілеріне рұқсат ету критерилерін белгілеу: Яғни, қызметкерлерінің 50 пайыздан астамы вакцинацияланған және «Ashyq» жобасына адал қатысқан нысандарға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беру. Сондай-ақ, бұл жобаны барлық саладағы бизнес субъектілеріне ендіру. Осы орайда СОО/СҮ және базарларындағы кіру орындарында аталған қосымша арқылы статусты салыстыруды жүзеге асыратын өткізу жүйелерін (турникет) пайдалану қажет. Бұл ретте «Ashyq» жобасына кіру бойынша алгоритмдерді оңайлату керек,-деді ол.

Сонымен қатар, Нұрлан Орынбасарұлы Мәскеу қаласының инфекцияның таралуына қарсы тұру барысында «Covid-19 тегін аймақтар» тәжірибесін пилоттық жоба ретінде енгізуді алға тартты. Бұл жоба кезінде кәсіпкерлердің жұмысына тыйым салынбайды. Дегенмен спикер аталған ұсыныстар күрделі эпидахуал бірқалыпқа түскен соң енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Брифинг барысында сөз алған Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметов инфекцияның тіркелуінің жоғарылауына байланысты бірқатар шектеу шарасын айтып өтті.

Оның сөзінше, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндері қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Ал базарлардың жұмысы демалыс күндері шектеледі, тек жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін істейді. Оған қоса, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа да кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл қала тұрғындарының талапты орындамай құқұқбұзушылық жасамауларының алдын алу десек те болғандай.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

25.06.2025
Қала әкімі «Химфарм» АҚ жаңа брендінің және Еуропалық Одақтың GMP сертификатының таныстырылымына қатысты

Қала әкімі «Химфарм» АҚ жаңа брендінің және Еуропалық Одақтың GMP сертификатының таныстырылымына қатысты

25.06.2025
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу 

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу 

24.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған