• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 20 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу басты міндет

15.07.2021
in Басты ақпарат
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу басты міндет

Мемлекетіміздің ата Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық жәнеәлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.

Оқи отырыңыз...

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.

Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар, студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді.

Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр.

Жалпы  құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.

Мөлдір САХОВА,

Шымкент қаласы

№60 жалпы орта білім беретін

мектебінің директоры.

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

20.07.2025
20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

День металлурга в Казахстане — 20 июля

18.07.2025
20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

18.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған