Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қайталап айтамын: мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек. Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгені жөн.
Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек»,-деп нақты айтып өткен болатын.
Мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке қатысты саясатының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін, мемлекет пен бизнес арасында әріптестік қарымқатынас орнату және жалпы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Бүгінгі таңда бақылаушы органдардың рөлін шектеу және нарықтың өзін-өзі реттеуін дамыту үшін мемлекет жеке кәсіпкерлікті тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа тәсілдерін қайта қарастыруда.
Кәсіпкерлердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету, тексерулерді негізсіз тағайындау фактілерін болдырмау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті инновациалық жоба – мобильді телефон платформасында кәсіпкердің ажырамас көмекшісі болып табылатын Qamqor қалталық көмекшісін енгізді.
Оның жұмысының мәні – «Qamqor» мобильді қосымшасы смартфонға Google play немесе App store арқылы жүктеледі.
Бақылаушы орган бизнесменнің қызметін тексеруді тағайындаған жағдайда оның ұялы телефонына «Сізге тексерумен бара жатыр» деген мәтіні бар Puch-хабарлама келеді. Осы қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар, мерзімдер, құқықтық негіздер, тексеру нысанасы туралы мәліметтер көрсетілген.
Кәсіпкерге тексеру басталғанға дейін де, жүргізу барысында да бұзушылықтар туралы шағымды онлайн режимде жіберу мүмкіндігі берілген.
Жіберілген бұзушылықтар туралы хабарламалар жедел ден қою үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне дереу түсетін болады.
Сонымен қатар, қосымшада «Сұрақ-жауап» өрісі және кәсіпкер онлайн режимде сұрақ қоя алатын чат қарастырылған.
«Qamqor» енгізу заңсыз тексерулерді азайтып, елдегі кәсіпкерлердің еркін дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді құртудың негізсіздігін жоюға, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін қолайлы істерлік ахуал құру мақсатына жақындатуға мүмкіндік береді.
Бұл қосымшаны Шымкент қаласының бизнес қауымдастығы да назардан тыс қалдырған жоқ, өйткені осы қосымшаны іске қосқан сәттен бастап онда мыңнан астам адам тіркелген.
Осылайша, Qamqor енгізу елдегі кәсіпкерліктің еркін даму саясатына ықпал ететін тағы бір құрал болып табылады және осы мүмкіндікті Қазақстанның барлық кәсіпкерлері өз бизнесін қорғауға пайдаланса деймін.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің
Шымкент қаласы бойынша басқармасы.