Президенттің Жолдауында алға қойған міндеттердің бірі жұмыссыздықты еңсеру екені белгілі. Жұмыссыздықпен күрес мәселесі – әлеуметтік саясаттың ғана емес жастар саясатының да маңызды бөлігі. Бұл ретте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, биыл қоғамдық жұмыспен 3000 мыңға жуық адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Қоғамдық жұмысқа жолданғандардың арасында жастардың үлес салмағы үлкен. Олар біріншіден тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алса, екінші жағынан еңбек өтілін де жинақтай алады.
Соның бірі жас маман, Шымкентте уақытша жұмыспен қамтылған қала тұрғыны — Феруза Әбдірова. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетінде «Бастауыш пәні» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас маман қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданған. Бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, 2021 жылдың ақпан айында аталған мектеп-лицейге бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа жолданды.
— Оқу бітірген соң өз мамандығым бойынша жұмыс істеудемін. Болашақта білікті ұстаз болсам деймін. Сол себепті қаладағы таңдаулы мектептердің бірінде тәжірибе жинақтаудамын — дейді 23 жасар қала тұрғыны.
Жалпы, аталған уақытша жұмысқа орналасуға алты айдан астам есепте тұрған, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алмайтын жұмыссыздардың, жұмысы тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмегендердің мүмкіндігі бар.