• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 13 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

03.07.2021
in Басты ақпарат
ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі М.Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді айтқан болатын. Қазіргідей қиын экономикалық жағдайда тұрмыс жағдайы төмен әлеуметтік топтарға арналған мұндай дүкендер азық-түлікті арзан бағамен сатады.

Оқи отырыңыз...

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025

Күні кеше азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында 18 шағын ауданы, Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан қаладағы екінші «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкені ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары А.Саттыбаев пен қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қаламызда бірінші «Әлеуметтік дүкен» 11 шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі, №116 мекен-жайында ашылған болатын.

Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерінен ерекшелігі – халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы. Айта кетейік, қаламызда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін қаламыздағы ірі шаруашылықтың бірі мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген болатын.

Келісімшарт негізінде алдағы уақытта шаруақожалық жоспарға сәйкес қаламыздың халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін қосымша тағы 3 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды жоспарлауда. Онда әдеттегідей көкөніс және ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.

Ал, шаруашылықтың бүгінгі алғашқы ашылған жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрайтын «QAZ ЕТ» әлеуметтік  дүкенінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл дүкен алдағы уақытта қаламыздың тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада азық-түлік өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында әлеуметтік азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында «Грамад», «Фиркан», «Magnum Cash&Carry» ірі сауда орталықтарында әлеуметтік 19 тауарды бекітілген шектік бағада саудалануда. Сонымен қатар, қаланың 4 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып, тұтыну тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылып келеді.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

12.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған