• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 23 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТӘУЕЛСІЗДІК – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ

30.06.2021
in Басты ақпарат
ТӘУЕЛСІЗДІК – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік жариялаған алғашқы жылдардан бері қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағы ғана Тәуелсіздігімізге тұғыр болатынын айтып келеді. Өзінің белсенділігімен құрылған Ассамблеяның да басты мақсаты – Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдерін жер иесі қазақ халқының айналасына топтастыру еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ететінін шаршамай айтып келеді.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026

Тұңғыш Президенттің бұл бастамасын барлық этностардың өкілдері мен ел иесі қазақ халқы да қолдап, соның арқасында отыз жылдан бері егемендігіміз сақталып қана қоймай, нығайып та келеді.

Кеше ғана Шымкент қаласы әкімдігінде «Тәуелсіздік – бірлік пен тұрақтылықтың тұғыры» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясы өтті. Қала әкімі, қалалық ассамблея төрағасы М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Елбасы айтқан тапсырмаларды қала аумағында іске асыру мәселелері талқыланды.

Отырысты ашып жүргізген қала басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне еліміз толымды табыстармен табан тірегенін атап өтті. Сонымен бірге Елбасы төрағалығымен өткен соңғы сессияда Ассамблеяның алдағы жұмыс стратегиясы ретінде айқындалған бес қағидат бойынша жауапты сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Қала басшысы  қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері осы қағидаттар шеңберінде алдағы жұмыс бағыттарын айқындап, ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға өзіндік үлестерін қосатынына сенімді екенін жеткізді.

Сессия жұмысының қорытындысымен оған қатысушылардың қала тұрғындарына арнаған Үндеуі қабылданды.

Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы қанаты астында 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

23.10.2026
ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

23.10.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

23.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған