• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ОЛИМПИАДАШЫЛ ЖАСТАРҒА ЖЕҢІС ТІЛЕДІ

29.06.2021
in Без рубрики
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен айналысу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулықты түзеуден бөлек кәсіби шыныға жүріп түрлі додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік бар. Елді бүкіл әлемге спорт арқылы танытуға болады. Әрі спортшы жастарымыз басқа жасөспірімдерге шынығу мен шымырлықта, дені сау ұрпақ қалыптастыруда үлгі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» деген болатын. Ел басшысының тапсырмасы ақырындап болса да жүзеге асып келеді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

19.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.01.2023
ШЫМКЕНТТЕГІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

ШЫМКЕНТТЕГІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ ҚАДАҒАЛАУЫНДА

10.01.2023

2020 жылы пандемия кесірінен өтпей қалған XXXII жазғы Олимпиада биылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында өтеді. Республика бойынша бұл Олимпиадаға ең көп лицензияны шымкенттіктер жеңіп алған екен. Шымкент қаласының қоржынында бүгінгі күні спорттың 7 түрі бойынша 11 олимпиадалық лицензия бар. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының «Қайырымды қала» залында қала әкімі Мұрат Әйтенов лицензия иегерлері мен олардың жаттықтырушыларын қабылдады. Кездесуде алдағы байрақты додада сәттілік тілеп, спортшылардың жеңіспен оралуларына сенім білдірді. – Спорт – елдің беделі мен абыройына жұмыс істейтін сала. Тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар бірнеше рет ірі халықаралық жарыстарда жеңіске жетті. Осы жеңістердің құрметіне Қазақстанның туы мақтанышпен көтерілді. Спортшыларымыз – біздің мақтанышымыз. Біз сіздердің әрқайсыңыз үшін жанкүйер боламыз. Сіздердің жеңістеріңізге сенеміз!, — деген шаһар басшысы ақ жол тілеп, спортшыларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Шымкенттен стенд атудан – Сарсенкул Рысбекова, Кравченко Зоя; оқ атудан – Юрий Юрков; каратэден – Дархан Асадилов, Софья Берульцева, Данияр Юлдашев; бокстан – Закир Сафиуллин; көркем гимнастикадан – Алина Адилханова; байдарка және каноэден – Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов; дзюдодан – Галбадрах Отгонцэцэг қатысады.

Жерлестерімізді Олимпиада спорт алаңдарынан тамашалаған шымкенттік жасөспірімдердің талайы спорттық секцияларға жазылып, саламатты өмір салтын өмірінің өзегіне айналдырары анық.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?