• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ГЕНЕРАЛ БАСТАМАСЫНА БАЛАЛАР ДӘН РИЗА

27.06.2021
in Басты ақпарат
ГЕНЕРАЛ БАСТАМАСЫНА БАЛАЛАР ДӘН РИЗА

Балалар – болашағымыз. Жас ұрпақтың лайықты болып өсуіне отбасы, ата-анасымен бірге мемлекет те көп көңіл бөледі. Әсіресе, ата-анасынсыз көңілі жарым, өмірге өкпелі жетім балалар өздеріне арнайы көңіл бөлуге аса мұқтаж. Олардың болашақта қандай азамат болуы да сол өздеріне деген ересектердің көңіл бөлуі мен қамқорлығына да байланысты. Мұны әсіресе, құқық орғау органдарының қызметкерлері жақсы түсінеді. Өйткені балалар үйінде тәрбиеленушілер ақыл-кеңес берер ата-анасыз теріс жолға тез түсіп, бұзақының ықпалына тез еріп кетуі мүмкін. Ондайлар кейін полицияның бас ауруына айналып, қоғам тыныштығын бұзып, қылмыстар жасап, тәртіп сақшыларын жұмысты етеді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025

Сондықтан да болар, Қазақстан полициясы күніне орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың бастамасымен департаменттің жеке құрамы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұмытылмас жазғы демалыс ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері «Машат» сауықтыру лагерінде демалыс күндерін өткізіп жүрген  балаларға күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында полицейлер балаларға арнайы қызметтік даярлығын көрсетіп, концерттік бағдарлама мен қуыршықтар театрының қойылымын ұсынды. Сондай-ақ олар үшін футбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері арнайы дайындаған мерекелік концерт қойды. Балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар балаларға балмұздақтар үлестіріліп, мерекелік дастарқан жайылды.

Осы іс-шарада №4 балалар үйінің 2 тәрбиеленушісіне ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсуге жолдама берілді.

Бұл шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, оларға қолдау көрсету болып табылады.

Тәртіп сақшыларының осындай жылы лебізіне дән риза болған №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері ішкі істер органдарының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Бір күн болса да өздеріне сонша көңіл бөліп, мол қуаныш сыйлаған генерал бастаған полиция қызметкерлеріне балалар дән риза болды.

Міне, жас ұрпақ тәрбиесінде мемлекеттік жастар саясатын нақты іспен қолдаудың көрінісі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

10.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған