• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Президент Жолдауының шеңберінде сот жүйесін реформалау

22.06.2021
in Басты ақпарат
Президент Жолдауының шеңберінде сот жүйесін реформалау

Әлем бұрын-соңды бол­ма­ған қиын­дықтармен бетпе-бет келіп отыр десе де болады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023

Тығырықтан шығу үшін мем­ле­кетке батыл әрі нақты праг­мати­калық шешімдер мен шұғыл ра­цио­налды іс-қимыл ауадай қа­жет болып тұр. Қазақстан Рес­публикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қи­мыл кезеңі» атты халыққа Жол­дауын осы қажеттіліктің, тығы­рықтан шығу жо­лының жарқын көрінісі деуге толық негіз бар.

Президент Жолдауы – елі­міз­дің мой­­нына түскен сынаққа мемлекеттің жауа­бы. Жаңа кезең­дегі тәуекелдер мен ауырт­па­лық­тардың алдын алып, оларды ең­се­руге бағытталған мемлекеттің ке­шен­ді жобасы.

Мемлекет басшысының Жол­дау­дағы айтылған негізгі міндет­тер: бұдан әрі де әлеуметтік ұста­ным дәс­түрінен айнымайды; саяси, экономикалық рефор­ма­ларды жүзеге асырудағы сабақ­тастық үзілмей жал­ғасады; заң үстемдігіне қол жеткізу ба­сымдық болып қала береді;

жемқорлықпен күрес аяусыз жүргі­зіледі; ең бастысы, мемлекеттің бірін­ші құн­дылығы оның қарапайым азаматтары дей­тін қағида мыз­ғы­майды.

Тоқаев ұсынған орасан әлеу­меттік кө­мек­тер пакеті жағдайдың күрделілігіне қа­ра­мастан, оны оңалтуға мемлекет ре­сур­сының то­лық жеткілікті екенін анық аңғартады.

Президент Жол­дау­ында елі­міздегі кешенді, күрделі жо­ба­­лар­дан бастап, қарапайым адам­дардың күн­делікті өмірдегі проб­лемаларына дейін қамтылған.

Құқық қорғау мен сот жүйесін рефор­малау қолға алынатыны белгілі болды. Республикамыздың құқықтық мемлекет ретінде дамуы қабылданып жатқан құқықтық реформаларымен тығыз байланысты. Бұл реформалар елімізде заң үстемдігін құруға бағытталған.  Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтындығына назар аударды. Сондықтан да сот және құқық қорғау жүйесіндегі қабылданған іс шаралар аса маңызды.

Бұл реформалардың нәтижесінде сот саласы түбегейлі өзгеріп жатыр. Ең біріншіден, кадр саясаты өзгеріп, сот саласына білікті және білімді мамандардың келуіне жағдай жасалуда. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізіліп, судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезеңдерін одан әрі ашық және айқын ету мақсаты орындалды.

Қазіргі таңда сот жүйесінің алдына қойылған мақсат – бұл халықтың сеніміне ие болу, бұл үшін судьялардың мәртебесі – қазақ елінің дана билерінің мәртебесіне тән болуы тиіс. Президент Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы деп айтқан. Сот жүйесінде бұл тұжырымдаманы іске асыру үшін көптеген іс шаралар өткізілуде.

«Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының аясында ҚР Жоғарғы Сотымен бірқатар іс шаралар атқарылды. Аталған бағдарлама 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы».  Бұл бағдарлама шеңберінде атқарылған іс шаралар өз тиімділігін көрсетті.

ҚР Жоғарғы Сотымен «Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Еңбек даулары және жариялы-құқықтық қарым қатынас дауларының алдын алу», «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобалар іске асырылуда, медиаторлар, Билер Кеңестері өз жұмысын жандандыруда.

Қазіргі таңда  «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы азаматтардың  соттарға арыздарын жолдау, қажетті ақпарат алу мүмкіндіктері бар. Халыққа қызмет көрсету үрдістерін нығайту үшін соттарда фронт-кеңселер ашылды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілері арқылы судьялар мен сот жүйесінің мамандарымен қолданыстағы заңдар, қызметтерді алу тәртібі түсіндіріледі.

Бұған қоса, ҚР Жоғарғы Сот Төрағасымен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау жылы деп жарияланып, бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмысы күшейтілді.
Мемлекет басшысының мең­зеп отыр­ғаны – дағдарыстан дағ­дарыс туғы­зу­дың қажеті жоқ, керісінше, халықтың үміті мен сенімі үшін, мемлекеттің дамуы мен болашағы үшін, бүгінгі тұйықтардан ертеңгі орасан мүмкін­дік­тердің көзі мен тетігін іздеп, таба білуге тиіспіз.

Гүлвира ЖОЛБАРЫС,

Шымкент қаласының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

20.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

19.03.2023
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

19.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?