ХХІ ғасыр жаһандану дәуірі тұсында діни құндылықтар трансформациялық кезеңді бастан кешіріп отыр. Әсіресе, исламға деген дұрыс емес таным, яғни, исламофобия деген көзқарас әлемдік деңгейде белең алды. Жалпы алғанда, «фобия» деген сөз қандай да бір құбылысқа үрей мен қорқыныш дегенді білдіреді.
Ал, «Исламофобия» деген түсінік Ислам діні мен мұсылмандарға теріс көзқарастан, қорқыныштан туған ұғым. Тіпті, бүгінде «намаз оқимын» деген кісіге күдікпен қарайтын болдық. Себебі соңғы кезде радикалды діни ағымдардың іс-әрекеті қоғамда алаңдаушылық туғызып отырғаны жасырын емес. Мұнымен еліміз қанша күрессе де кереғар діни ағымдар қасиетті дінімізге деген бұрыс көзқарасты қалыптастырудан жаңылар емес. Мұндай діни ағымдардың жетегіне түсіп темір торға тоғытылғандар да аз емес.
Олардың бірқатары Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/2 мекемесінде жазасын өтеуде. Яғни теріс діни көзқарастағы сотталғандарды райынан қайтару мен дерадикализациялау бағытында Шымкент қаласы Дін істері басқармасының білікті теологтары және діни бағытта жұмыс істейтін қоғамдық қорлар,мекеменің теологиялық оңалту жұмысының инспекторлары, психолог мамандары ауқымды жұмыстар атқаруда. Соның бірі түзеу мекемесіндегі сотталғандармен психологиялық тренингтер мен психодиагностикалар жүргізу. Нәтижесінде 6 азамат теріс діни көзқарастан бас тартып, байыптылар санатына өткізілді. Теолог мамандар оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қоғамға қайта әлеуметтендіру аясында ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық дәстүрлі діндердің басты ұстанымы екенін түсіндіруде.
Ал ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.
Шымкент қалалық ИЧ-167/2 мекемесінің
ТОЖ инспекторлары мен психолог мамандары.