Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік іс-шарасы өтуде. Оған қала әкімдігінің құрылымдық басқармалардың, аудан әкімдігінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ЖОО студенттері қатысуда.
Іс-шарада жасыл аймақты, аяқжолдарды, ирригация жүйелерін, сынған бұтақтарды және қоқыстардан арылту, қала аумағындағы саябақтар, гүлзарлар және аллеялар, «Қошқар ата» өзені жағалауының тиісті бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік іс-шарасы «Жасыл қала» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Қаланы таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту, тұрғылықты мекенжайымызды таза ұстау — азаматтық борышымыз
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі