• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 26 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

КІСІНІҢ НАЛАСЫНА ҚАЛМАЙЫҚШЫ!..

30.04.2021
in Руханият
КІСІНІҢ НАЛАСЫНА ҚАЛМАЙЫҚШЫ!..

Бүгін көшеде кездейсоқ кездескен әжейдің сөздері әлі ойымнан кетер емес.

Оқи отырыңыз...

ТАНЫМЫ ТЕРЕҢ ЖАН

ТАНЫМЫ ТЕРЕҢ ЖАН

14.01.2023
МАРТА ӘМІРБЕК-“ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ-2022” ЖЕҢІМПАЗЫ

МАРТА ӘМІРБЕК-“ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ-2022” ЖЕҢІМПАЗЫ

21.10.2022
ТОЛEРАНТТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДEЛІ

ТОЛEРАНТТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДEЛІ

16.08.2022

Айдың аяғы газдың ақшасын төлейін деп барған едім, есік алдынан таяққа әзер сүйеніп тұрған әжейді байқап, қасына барып көмек керек пе деп сұрадым. 80 демін деген әжей жылауғада шамам жоқ деп күбірлей сөйледі. Көздеріндегі мұң анық көрініп тұрғандай. Уйіңізге бара жатсаңыз жеткізіп салайын деп қолтығынан демедім. Сол маңайдағы уйлердің бірінде тұрады екен. Қолтығынан демеп жалғыз аяқ жолмен ақырын адымдай бастадық. Қысқа ғана жолда біраз әңгімелесіп үлгердік. Отын судың ақшасын сізден басқа төлейтін адам жоқ па деп сұрауға ынғайсыздандым. Парияда жұмыс жасадым, он екі балалы болдым деп жалғады әңгімесін. Шал 45 жыл бұрын қалың баланы маған тастады да О дүниеге кете барды деді. Балаларымды оқыттым, тоқыттым қатарынан кем қалдырмайын деп жұмыс жасадым. Бірақ шал кеткен соң көп ұзамай улкен ұлым көлік апатынан көз жұмды, деп көзін орамалының ұшымен сүртіп біраз үнсіз тұрып қалды. Мен тіпті не айтарымды білмедім. Араға екі жыл салып одан кейінгі ұл айықпас дертке шалдығып бір жылға жетер жетпес уакытта ағасының артынан кете барды. Есеңгіреп қалдық қой. Есімізді енді жинап келе жатқанда кіші ұлым істі болды. Неге мен, неге менің балаларым деп жылайтын болдым. Қазыр ол балаңыз аман ба деп сұрадым мен де. 7 жылдан кейін шықты гой, бүйрегі жарамай инвәліт болып қалды, ауыр жұмысқа жарамай. Қыздың екеуі байға тиіп жолы болмай жылап қайтып келді. Еееее бұл өмірде не көрмедім деп бір күрсініп алды. Ол кезде ауылда тұратын едік, содан бір көршім келіп, қайғыдан арылмадың гой көрші ауылдағы тәуіпке барып бір дем салдырып, тазалансаңшы деген соң көп кідірмей бардым. Барсам улкен ер адам, кел сені күтіп отыр едім дегенде мені  қайдан біледі деп таң қалдым. Барлық жағдайымды айтып түсіндірдім. Бір кезде күбірлеп бірнәрселер оқи бастады, басын алай-бұлай шайқап қояды арасында. Бір уақытта, қарағым, жас күніңде өзіңдей бір келіншекті қатты ренжіткен екенсің, соның кеудесіндегі назасы мен көзіндегі жасы саған қарғыс болып тиген. Қолымнан келгенше  көмектесейін, дегенмен барып сол адамның кешірімін алғаның дұрыс болар деп ұзақ уақыт дұға оқыды. Мен болсам нақты кімді қатты ренжіткенімді есіме түсіре алмадым. Жас кезімде шәлкей мінезіммен әркімді менсінбей, көңіліне қарамай тік сөйлейтін едім. Сен кыз көп көкіректене берме дегендерде болатын еді. Әттен-ай, деп қолы дірілдеп кетті.

Содан бері отбасыма келген бақытсыздықты өз мінезімнен таптым ба деген ой күндіз түні мазалаумен келеді. Әрбір күні Алладан ренжіткен адамдарым болса кешірімін бере гөр деп тілеймін, деп дауысы дірілдей шықты. Біртүрлі аяп кеттім әжейді. Ешкімді ренжітпе, ешкімге ренжіме деп қолымды алды. Жақсы деп сәл ғана жымидым. Әжейді үйіне кіргізіп жіберген соң көңілім бір түрлі құлазып кетті. Отбасымызға, бала-шағамызға жамандық жоламасын деп тілейміз гой әрқайсымыз. Десе де өзгені ренжітіп наласына қалмайық. Мені ренжіткен адамдарды кешірдім, мен ренжіткен болсам кешіріңіздер.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?