• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 23 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Cот шешімін тараптарға түсіндіру маңызды

30.04.2021
in Құқық-заң

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге айқын бағдар берген «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында барлық саланың дамуын арттыру бағытында негізгі міндеттердің қамтылғаны белгілі. Биліктің қай саласы болсын мемлекетке, халыққа қызмет етеді. Сот билігі де ел азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғап, өркениетті мемлекетті қалыптастыруда маңызды рөлге ие.

Оқи отырыңыз...

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗГЕНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗГЕНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

20.06.2025
АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

18.06.2025
Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

15.06.2025

Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Президент Жолдауда сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екендігін атап өтті. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие, дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажеттігіне де арнайы тоқталды.

Қазіргі уақытта аталған бағыттар бойынша нақты жұмыстар істелуде. Атап айтқанда, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында соттарды одан әрі жаңғыртудың маңызды құралы болып табылатын «Сот жүйесінің жеті түйіні» басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Тиімді судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды артық жүктемеден арылту, соттардағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуге бағытталған 17 заң жобасы дайындалды.

Сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселесіне тоқталсақ, Жоғарғы Сот жергілікті соттар және заң қауымдастығымен бірлесіп аталған бағытта нәтижелі жұмыстарды жүзеге асырды. Аталған жұмыстың нәтижесінде Жоғарғы Соттың «Сот үкімі туралы» және «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы» жаңа нормативтік қаулы қабылданды. Бүгінде сот актілері осы нормативтік қаулыларға сай, қысқа және үйлесімді, заң терминологиясының артық «кептелуінсіз» жазыла бастады. Ал ең бастысы, судьялар сот шешімін жариялаған соң, тараптарға не себептен нақ осындай шешім қабылдағанын түсіндіреді. Өйткені сотқа қатысушы тараптардың барлығы заңгер емес. Сондықтан құқықтық терминдердің мағынасына қатысты түсінбеушілік бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдануға апарады. Ал сот актілерін процеске қатысушыларға қарапайым тілмен, көзбе-көз түсіндіру тараптардың көңіліндегі күдікті тыятыны анық. Бұл жаңашылдық қазір жемісін беріп, сот шешіміне қанағаттанушылар саны күрт көтерілді. Сондай-ақ Президент азаматтардың жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жататындығын және олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыру мүмкін еместігіне байланысты теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттігін де айтқан еді.

Дауларды шешу барысында соттың қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы екендігіне және аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетіндігіне де нақты тоқталды. Соған сай, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

Айгүл ДЕРБІСОВА,

Шымкент қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

22.06.2025
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған