• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 26 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

ТӨРЕЛІК ТАТУЛАСТЫРУДАН БАСТАЛАДЫ

30.04.2021
in Құқық-заң
ТӨРЕЛІК  ТАТУЛАСТЫРУДАН  БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіре түсу керектігіне ерекше көңіл бөлуде. Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да үшінші билік жұмысын жұмырлаудың жолы да ұмыт қалмады. Дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін дамыту қажеттігіне тоқтала келе, «Он жылдай уақыт бұрын біз «Медиация туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек» – деген болатын  Президент.

Оқи отырыңыз...

Сот төрелігін жүзеге асырудың 2022 жылғы қорытындылары

Сот төрелігін жүзеге асырудың 2022 жылғы қорытындылары

24.01.2023
Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

07.10.2022

Тұрғын үй-жайды жалға алудың (жалдаудың) үлгілік  шарты

05.10.2022

Жоғарғы Соттың Төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен дау-дамайды сотқа дейін шешу мәселесінде бірнеше пилоттық жоба жүзеге асты. Олар елдегі медиация институтын дамытуға өз үлесін қосып, татуластырумен айналысатын кәсіби мамандардың көбеюіне жол ашты. Татуластыру орталықтары тек соттарда ғана емес, аудандық әкімдіктерде, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде, Қазақстан халқы ассамблеясының жергілікті филиалдарында, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында және оқу орындарында да ашылды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық, аудандық және мамандандырылған соттардың барлығында медиация кабинеттері бар.

Соның арқасында медиация отбасылық жанжалдардан бастап, коммерциялық және жария саладағы күрделі мәселелерге дейінгі кең ауқымды дауларды шешуде танылып келеді. Оған кәсіби және кәсіби емес медиаторларының қосқан үлесі зор.

Дегенмен, дауласушы тараптарды татуластыруда судьялардың еңбегі көбірек екенін мойындаған жөн. Дауласушылар арасында ымыраға келудің жолын іздеу – сот төрелігінің қазіргі басым бағыты. Әсіресе азаматтық істерде осыған баса мән беріліп отыр. Әрбір сотта татуластырушы судьялар қызмет етеді. Яғни судьялар төрелік жасауға кіріспес бұрын тараптарды татуластыруға байланысты әрекеттер жасайды. Олар сотқа түскен азаматтық істерді саралап, бітімге келуге ықтималдарын іріктеп жұмыс жүргізеді.

Бұл Азаматтық процестік кодекске түзетулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды. Атап айтқанда, талап қоюды қабылдау мерзімі 10 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Осы аралықта татуластырушы судьялар тараптармен жұмыс жүргізеді.  Мәселен, Шымкент қаласының соттарына 2020 жылы келіп түскен  22 мыңнан аса азаматтық істің 18 226 ісі аяқталған. Оның 10 пайызына жуығы татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған. Соның ішінде 1313 іс бойынша татуластырушы судья келісімге келтірсе, 121 іс бойынша тараптардың өздері бітімге келген. Ал, 34 істе адвокаттар ара түсе отырып, істі ымырамен аяқтаған.

Саралап қарасақ, азаматтар сотқа шарт талаптарынан және отбасы, неке қатынастарынан туындаған даулар бойынша көбірек жүгінген.

Бұл санаттағы істер жыл бойы барлық қаралған азаматтық істердің 76,8%-ын құрап отыр. Бұл бағытта ең өнімді болған Абай мен Әл-Фараби аудандық соттары және Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық соты болды. Үш сотта да медиация арқылы бітімге келтіру көрсеткіші 15 пайыздан жоғары. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырмалы түрде қарағанда, өсім бар екені байқалады. Бір ескеретіні, қолданыстағы Заңнама бойынша сот процесінің кез келген сатысында ымыраға келуге болады. Бұл қуантарлық жайт.

Сонымен қатар, соттардың жұмысын жеңілдетуге Билер кеңесі де атсалысып келетінін айтқан жөн. Шымкент қалалық сотының жанынан құрылған Кеңеске зиялы қауым өкілдері мен беделді азаматтар енген. Ауыл-аймаққа танымал, сөзі өтімді азаматтар әртүрлі санаттағы даулар бойынша тараптарды бітімге шақыруда.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ даналығы. Қала соттары медиацияны дамыту үшін бірлесе жұмыс жасағанды жөн көреді. Ол үшін жергілікті атқарушы, басқа да органдармен Меморандум жасалған.

2019 жылы Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласының Әділет департаменті,  Адвокаттар алқасы, Нотариалдық палатасы  және қаладағы Кәсіподақтар орталығымен медицияны дамытуда бірлесіп әрекет ету келісілген.

Аталған меморандум аясында қаламызда медиация кабинеттерінің саны көбейген, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеудің институттарын жан-жақты дамыту және белсенді түрде енгізу мәселесі бойынша әртүрлі шаралар бірлесіп атқарылуда.

Соның бірі, Шымкент қалалық соты мен Әділет департаменті арасында жүргізілген кеңестер арқасында, 2020 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласының Әділет департаменті жанынан Әділет органдарының қызмет бағыттарының мәселелері бойынша дауларды реттеу және оның деңгейін азайту жөніндегі Қоғамдық комиссияның құрылуы.

Бұл Комиссия ресми түрде құрылып, оның құрамы бекітілген.

Комиссия құрымына Әділет органы, оның атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету, тіркеу қызметі саласындағы және бақа бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ, Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы, Адвокаттар алқасы, Нотариаттық палата, Заң кеңесшілер палаталары, отставкадағы судья мен Әділет органының ардагері жұмыс атқарады.

Комиссия атқарушылық өндірісі барысында, Әділет органы қызметі барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдарын қарап, оның нәтижесімен ұсыным күйіндегі шешім қабылдайды.

Өз кезегінде бұл шешімді тараптар өз еркімен орындаған жағдайда тараптардың арасында туындаған дау өз шешімін табады.

Демек, тараптар араларында туындаған дау сотқа дейін тез арада шешіліп, дауласушы тараптардың уақыты, негізсіз шығындары үнемделеді.

Әрине, бұл медиацияның барынша құлаш жаюы үшін жеткіліксіз. Сондықтан осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады және оған жергілікті уәкілетті органдар мен әрбір азамат мүдделік танытуы тиіс.

Н.БИБОЛОВ,

Шымкент қалалық сотының судьясы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?