• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 26 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУДА

22.04.2021
in Без рубрики, Қоғам
ШЫМКЕНТТЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ OPEN SPACE ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы, қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Шараға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әкімдері мен орынбасарлары, Жобалық кеңсе жетекшісі Ж.Қамбар қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Жобалық кеңсе тарапынан тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды талқылау. Онлайн жиында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар ағымдағы жылдың 3 айында атқарған жұмыстарымен таныстырды. Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жұмыстарға тоқталған Ж.Қамбар қаладағы 235 мемлекеттік мекемелер, оның ішінде 14-і жыл басынан бастап «Open Space» форматына көшкендігінен хабардар етті. Жобалық кеңсе жұмысы да ашық форматта жүзеге асырылып отырғандығын жеткізді. Жалпы Шымкент қаласы бойынша 296 мемлекеттік мекеме басшылары бірінші қабатқа кең бөлмелерін босатып, кіші бөлмелерге көшкен. Қаладағы аудан әкімдіктерінің Ашық әкімдік форматында жұмыс жасау барысына тоқталып, орын алған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс енгізді. Жобалық кеңсе басшысының айтуынша қала ұстаздарының құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері бойынша қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан Консультативтік-кеңесші орган құрамына еніп, қысқа мерзім ішінде 3 жалпы білім беру мекемесінде заңсыз қаржы жинау фактілерінің тоқтатылғандығынан хабардар етті. Сонымен қатар, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында ЖОО мен орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 20 мыңға жуық жас қатысып, оның 37%-ы емтихан, апта қорыту және тағылымдамадан өту барысында сыбайлас жемқорлық фактілері кездесетіндігі, қалған 63%-ы академиялық адалдықтың қалыптасқаны туралы хабарлаған. Сонымен қатар, шара барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың нәтижелері, пандемия жағдайына байланысты тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер мен ауруханалардағы төсек орындарының тапшылығын және заңсыз бағалардың көтерілуін болдырмау мақсатында дәріханалар мен қоймаларға жасалған мониторинг қорытындылары мен тұрғындармен тиімді қарым-қатынас баяндалды. Шара соңында Шыңғыс Мұқан аудан әкімдеріне жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыруды, Жобалық кеңсемен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 18 БАЛАНЫ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛҒАН АНА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

19.03.2023
ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

17.03.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.01.2023
Tags: «ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»newqazaq.kzOPEN SPACEЖаңа қазақ!шымкент
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?