«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», — делінген Президент жазбасында.
Сонымен, елімізде Қазақстанда 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы екпе салу шарасы басталды.
«Спутник V» вакцинасы Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өткен және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген.
Үкіметтің жоспарына сәйкес, алғашқы кезеңде инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдемде жұмыс істейтін медқызметкерлер, санэпидқызметкерлерге дәрі егіледі.
Министрліктің айтуынша, жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жос-
парланған. Соның ішінде жылдың бірінші жартысында 2 миллион кісіге екпе салын-
бақ. Жыл аяғына дейін елімізде екпе салдырушылар саны 10 млн.-ға дейін жетуі де ықтимал.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына сай, «Спутник V» және QazCovid-In екпесі 18 жасқа толмаған балаларға және 65 жастан асқан қарттарға салынбауы тиіс. Бұл топтағы адамдарға екпе қалай әсер ететіні толық зерттелмеген.
Осы вакцина туралы ел арасында тарап кеткен алып-қашпа әңгімелерден жұртшылықтың іш тартып қалғаны да жасырын емес. Алайда, дәрігерлердің жаппай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, вакцина салдырушылардың қарасы көбеюде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне жүгінсек,
Шымкентте қалалық білім басқармасының және басқармаға қарасты мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпені салдыруды жалғастыруда.
Осыған дейін білім саласында жұмыс істейтін 8 мыңға жуық қызметкер вирусқа қарсы вакцина алған. Бұл жалпы қызметкерлердің 30 пайызын құрап отыр. Басқарма тарапынан қызметкерлер арасында қауіпті індетке қатысты вакцинацияны жаппай салдыру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, індеттің ушығуына байланысты басқарма ғимаратында және білім беру ұйымдарында күнделікті карантин талаптарын күшейту бағытында тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Бүгін бір күннің ішінде 1 мыңнан астам қызметкер вакцинацияланған. Бұл да аурудың асқынбауына бағытталған игі шара деп білеміз.
«Newqazaq.kz».