• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17.11.2026
in Без рубрики
ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Оқи отырыңыз...

МАЛДЫҢ ТЕМІРЖОЛҒА ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР!

МАЛДЫҢ ТЕМІРЖОЛҒА ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР!

17.11.2026
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.11.2026

17.11.2026
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Сақшы» интерактивті ойыны мен әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Төрт санат бойынша 12 жүлдегер анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ бейнероликтерді әзірлеуге атсалысқан 150 оқушыға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің басшысы Дәурен Райымқұлов, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиев, құқық қорғау органдары мен білім саласының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар және жастар қатысты.
Облыс әкімі жастар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Осы орайда заңға құрмет отбасыдан басталып, мектепте жалғасып, қоғамдағы күнделікті қарым-қатынаста көрініс табуы тиіс. Түркістан облысында аталған бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соның жарқын үлгісі – Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Сақшы» инновациялық профилактикалық жобасы. Жоба аясында қаржылық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан сақтану, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен қамтылған. Құрметті жастар! Бүгінгі таңда ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселенің бірі – жасөспірімдер мен жастар арасында буллинг фактілерінің алдын алу. Өмірде түрлі қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Бірақ соларға мойымай, алға ұмтылу маңызды. Біз жастар арасында өзара сыйластықты, бір-біріне қолдау көрсету және құрметтеу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Білімге ұмтылмай, тәртіп бұзу мен бұзақылыққа бой алдыру – болашаққа балта шабумен тең. Мұндай жағымсыз әрекеттер ата-аналарыңның үмітін үзетін, олардың жүрегін жаралайтын іс. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтап, ғылымға, өнерге, спортқа ұмтылыңыздар! Біздің басты мақсатымыз – заңды құрметтейтін, өз құқығы мен міндетін білетін, рухани бай, бәсекеге қабілетті және жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта мемлекеттік және құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, ата-аналар мен азаматтық қоғам өкілдері өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. «Сақшы» жобасы – осы мақсаттағы жұмыстың нәтижелі үлгісі. Бүгінгі байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
«Сақшы» жобасын Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында әзірлеп, ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге Түркістан облысы әкімдігі мен Білім басқармасы қолдау көрсетті. Бастаманың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға үйрету және жеке шешімдері үшін жауапкершілігін арттыру.
Интерактивті ойын барысында қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін қаржылық қауіптерді талдап, алаяқтық әрекеттерді анықтау жолдарын үйренді. Мәселен, «Банк картаңды бере тұр, ақша аударғаның үшін сыйақы аласың» деген секілді күмәнді ұсыныстардың астарында қандай қауіп жатқанын зерделеді. Оқушылар мен студенттер жеке деректерді қорғау, банк карталарын заңсыз мақсатта пайдалануға жол бермеу және күмәнді қаржылық операциялардан сақтану бойынша білімдерін жетілдірді.
Жобаның тағы бір бағыты – әлеуметтік бейнероликтер байқауы. Оған қатысқан оқушылар қаржылық алаяқтықтың жолдарын, оның зардаптарын және сақтану тәсілдерін өздері зерттеп, сценарий әзірлеп, шығармашылық жұмыстар ұсынды.
Байқаудың «Алғашқы карта» санатында Алимов Нұралы І орын, Нұралы Кенесары ІІ орын, Беркінбай Саян ІІІ орынды иеленді. «Қаржылық мониторинг» санатында Рүстемұлы Мұхамедқанапия І орын, Тілеубек Мұхаммедяр ІІ орын, Ахметбек Алихан ІІІ орынға лайық деп танылды. «Ақылды сақшы» санатында Ордабай Айша І орын, Оразалы Перизат ІІ орын, Нақыпбек Айсұлтан ІІІ орынды иеленсе, «Жеңіл ақша» санаты бойынша Мырзахожа Шұғыла топ жарды. Ал Балқыбеков Бекасыл ІІ орынды еншілесе, Балтабай Жания ІІІ орын жүлдегері атанды.
Сонымен қатар жобаны ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін білім саласының 5 өкілі марапатталды.
Іс-шара мазмұнды қойылымдармен және концерттік бағдарламамен толықты. Онда облыс пен еліміздің өнерпаздары өнер көрсетті.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МАЛДЫҢ ТЕМІРЖОЛҒА ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР!

МАЛДЫҢ ТЕМІРЖОЛҒА ШЫҒУЫНА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗДЕР!

17.11.2026
ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «САҚШЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17.11.2026
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған