• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

17.11.2026
in Без рубрики
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласында орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде студент жастармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Бұл ауқымды іс-шара өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында биік азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз...

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2026
КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

16.11.2026
КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

16.11.2026

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциясының мазмұны мен ондағы негізгі өзгерістерді, заң үстемдігін қамтамасыз етудің тетіктерін кеңінен түсіндіру, олардың қоғам дамуындағы айрықша маңызын жеткізу, сондай-ақ заңға деген құрмет пен отансүйгіштік сезімдерін ұштау болып табылады.

Іс-шара барысында Конституцияның негізгі бағыттары, діни сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік және қоғамдық келісімді сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Бүгінгі жаһандану мен цифрландыру дәуірінде ғаламтор кеңістігіндегі ақпаратты саралай білудің, деструктивті діни ағымдар мен радикалды идеологиялардың арбауына түсіп қалмаудың жолдары егжей-тегжейлі баяндалды. Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың басым бағыттары түсіндіріліп, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану, киберкеңістіктегі жалған ақпаратқа (фейк) қарсы тұру, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті күнделікті өмірде берік ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Алқалы жүздесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің білікті сарапшысы М. Бесбаева және қалалық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Р. Қыпшақбаев арнайы қатысты.

Мамандар жастарға тақырып аясында маңызды ақпараттар ұсынып, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз сөзінде сарапшылар елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың негізгі діңгегі – ұлттар арасындағы достық, сыйластық және әрбір азаматтың заңға бағынуы екенін жеткізді. Теолог маман өз кезегінде жастарды дәстүрлі ислам мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығын сақтауға, күмәнді әлеуметтік желі парақшаларынан аулақ болуға шақырды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жастар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кибербуллингпен күрес және діни сауаттылықты арттыру төңірегінде терең мағлұмат алып, мамандардан тұжырымды әрі нақты жауаптар алды. Бұндай кездесулер жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, қоғамдағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға зор үлес қосады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

17.11.2026
ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2026
КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

16.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған