• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 6 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЫНТЫМАҚ – ЫРЫСТЫ ЕСЕЛЕЙДІ

09.10.2026
in Қоғам, Мәдениет, Руханият
ЫНТЫМАҚ – ЫРЫСТЫ ЕСЕЛЕЙДІ

Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағындағы Қаратөбе, Қарабастау тұрғын алаптарында кездесулер өткізіп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Достық үйі жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, қалалық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Р.Қыпшақбаев, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкері А.Сүгірбаева, ауыл биі А.Кураев, сөз сөйлеп, өз ойларын жеткізді.
Кездесуде Қазақстан азаматтары арасында жалпыұлттық бірлікті, құқықтық қоғамдағы мәдени әралуандық пен этносаралық келісімді нығайту, жас буынның тәрбиесіне назар аудару, құқықтық мәдениеттi арттыру, азаматтар арасындағы өзара түсіністікті бекемдеу жайында пікірлер айтылды.
Жиын барысында қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушылар әрбір азаматтың қоғамдық келісімді сақтауға қосатын үлесі маңызды екенін атап өтті. Өзара сыйластық, бір-бірінің көзқарасына құрметпен қарау және ортақ құндылықтарды бағалау – берекелі қоғам қалыптастырудың негізгі шарттары.
Сонымен қатар жастар арасында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды. Жас ұрпақтың бойына үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, қоғам алдындағы міндетін сезіну сияқты қасиеттерді сіңірудің маңызы айтылды. Өйткені отбасы тәрбиесі мен қоғамдық ортаның ықпалы жас буынның көзқарасы мен мінез-құлқының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Дін мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстары да кездесудің маңызды бағыттарының бірі болды. Теолог маман діни сауаттылықты арттырудың, ақпаратты саралап қабылдаудың және күмәнді діни ағымдардың ықпалына түспеудің маңызын түсіндірді. Азаматтарды діни мәселелерге қатысты ақпаратты сенімді дереккөздерден алуға және қоғамдағы өзара құрмет қағидаларын ұстануға шақырды.
Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың маңызын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Қоғамдық келісімнің нығаюы әр азаматтың ортақ іске жауапкершілікпен қарауына, өзара сенім мен түсіністікті сақтауға байланысты.
Ынтымағы жарасқан елдің берекесі артып, даму жолындағы мүмкіндіктері кеңейеді. Сондықтан бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, этносаралық татулықты қолдау және жалпыұлттық бірлікті нығайту – баршаға ортақ міндет.

Оқи отырыңыз...

Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

Студенттер пікірсайыста бақ сынады

29.10.2026
Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

29.10.2026
Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

29.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бизнеске кедергі келтіретін түйткілдер: кәсіпкердің нақты ұсыныстары

06.11.2026
Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Шымкентские лучники завоевали пять медалей на чемпионате мира

05.11.2026
Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

05.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған