• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді.

20.10.2026
in Қоғам
Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді.

Республика күні қарсаңында Алматыда № 210 мектеп-лицейінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы офицерлерінің қатысуымен «Ерлік пен елдік – ұрпаққа аманат» атты ерлік сабағы өтті. Кездесу ұландықтардың ерлігі мен Отанға адал қызмет ету тақырыбына арналды.

Оқи отырыңыз...

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді.

Офицеры Нацгвардии рассказали алматинским школьникам о мужестве и служении Родине.

20.10.2026
Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОЙДУТ РЕСПУБЛИКАНСКИЕ АКЦИИ «REPUBLIC DAY» И «BEREKE FEST»

17.10.2026
Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

17.10.2026

Оқушыларға әскери борышқа адалдық, заңды құрметтеу және қиын сәтте көмекке келуге дайын болудың маңызы айтылды. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің сын сағатта табандылық пен батылдық танытып, Отан алдындағы борышына адал болған нақты оқиғаларына ерекше назар аударылды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі майор Әлібек Әбділов елге қызмет ету өз ісіне адалдық пен жауапкершіліктен басталатынын атап өтті.

– Мектеп қабырғасында мінез бен жауапкершілік қалыптасады. Қандай мамандық таңдасаңдар да, бастысы — өз ісіңді адал атқарып, елге пайдаңды тигізу. Білім алудан жалықпаңдар, қиындықтардан қорықпаңдар және алдарыңа үлкен мақсаттар қойыңдар, – деді майор Әлібек Әбділов.

Ерлік сабағында майор Жандос Баянбаевтың қызмет барысында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы сөз болды. Оның қарулы қылмыскердің шабуылына тойтарыс беріп, ауыр жарақат алғанына қарамастан қызметтік міндетін орындауы әскери борышқа адалдықтың айқын үлгісі ретінде айтылды. Бұл ерлігі үшін офицер III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери антқа адал болу – Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары. Әскери қызметшілердің батыл әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға үлес қосады. Ал Отан қорғаушылардың ерлігін дәріптеу жас өрендердің бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесу Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрінің музыкалық бағдарламасымен және Құрмет қарауылы ротасы әскери қызметшілерінің саптық дефилесімен аяқталды. Оқушылар әскери дәстүрлермен танысып, ұландықтар қызметінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы кеңірек мағлұмат алды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді.

Офицеры Нацгвардии рассказали алматинским школьникам о мужестве и служении Родине.

20.10.2026
Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді.

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді.

20.10.2026
Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі: кәсіпкерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді

Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі: кәсіпкерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді

20.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған