Жаңа Конституцияның 40-бабында Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындалған.
Бұл норма тарихи ескерткіштер мен мәдени құндылықтардың сақталуын ғана емес, оларды келешек ұрпаққа жеткізудің маңызын көрсетеді.
Түркістан облысы – осы бағыттың нақты көрінісі. Өңірдегі тарихи-мәдени нысандарға қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында тарихи-мәдени орындарға 575 мың адам барған. Сол кезеңде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 65,1 млрд теңгеге жетті.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Күлтөбе қалашығы және басқа да тарихи орындар Түркістанның ғана емес, Қазақстанның мәдени келбетін танытатын маңызды нысандар.
Мәдени мұраны сақтау – өткенге құрмет қана емес. Бұл – жас ұрпаққа тарихи сананы қалыптастыру, ішкі туризмді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің халықаралық туристік әлеуетін арттыру мүмкіндігі.
Конституциялық деңгейде мәдени мұраның қорғалуы әр азаматтың өз елінің тарихын тануына және ұлттық құндылықтардың келер ұрпаққа сақталуына берік негіз қалыптастырады.




