Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бірлікті ұрпақ – берекелі болашақ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында жастарға мемлекеттік саясаттың басым бағыттары түсіндіріліп, қазақстандық патриотизмді нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, жастарға діни сауаттылықты арттыру және кереғар діни ағымдардың ықпалына түспеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату кезінде жауапкершілік таныту, жалған ақпаратқа сенбеу және оны таратпау, арандатушылық сипаттағы жарияланымдардан сақ болу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімге сызат түсіретін әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттердің заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатыны жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры Б. Исабек, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Н. Абдукаримов, Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Ұ. Алиакбарұлы, Н. Аманкелді, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастарымен жұмыс бөлімінің маманы Л. Құрманғазы қатысты.
Іс-шара барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.
Кездесу барысында жастарға өзара сыйластық пен жауапкершіліктің қоғамдық ортадағы маңызы да түсіндірілді. Қатысушылар бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ақпаратты саралап қабылдауға және бірнеше дереккөз арқылы тексеруге ерекше мән берілді. Сондай-ақ қоғамдағы түрлі көзқарастарға құрметпен қарап, өзара түсіністік пен татулықты нығайту қажеттігі айтылды. Іс-шарада жастардың қоғамдағы белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселесі де қозғалды. Мамандар білім алушыларды қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға, заң талаптарын сақтауға және ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім құндылықтарын құрметтеуге шақырды. Жастардың алған ақпаратын күнделікті өмірде дұрыс қолдануы, әлеуметтік желілердегі пікірталастарда әдептілік танытуы және арандатуға жол бермей, кез келген мәселені сабырлы түрде талқылауы маңызды екені айтылды.




