• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 21 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026
in Без рубрики
Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII Халықаралық «Voice of Turan — 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Қазақ әндері фестивалі — қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ. Бұны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ОКҚ брифингінде айтты.

Оқи отырыңыз...

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

21.09.2026

«Шараға 20 елдің өнерпаздары қатысады. Қатысушылар Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарачай Республикасы, Башқұртстан және Бразилиядан келмек»,-деді спикер.
Фестивальдің басты ерекшелігі — шетелдік орындаушылардың қазақ әндерін шырқауы. Жоба қазақ музыкасы мен қазақстандық авторлардың шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған.

Фестиваль аясында 25 қыркүйек күні Түркі тілдес елдердің танымал өнерпаздарының қатысуымен «Zhibek zholy әуендері» ауқымды гала-концерті өтеді. Ал, 26 қыркүйекте ерекше кезеңдердің бірі — «Жұлдызды жұп» бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Бұл күні фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шетелдік қатысушылар Қазақстанның танымал өнер шеберлерімен бірге қазақ әндері мен заманауи хиттерді орындайды. 27 қыркүйек күні фестивальдің «Қазақ әні» кезеңі бастау алады. Қатысушылар қазақтың халық әндерін, қазақ копозиторлар шығармаларын орындайды.

Сондай-ақ Түркістанда 26-28 қыркүйек күндері «Turkistan Brand.Craft Fair» атты халықаралық қолөнер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге 10 елден 150-ге жуық қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Оның бағдарламасында этнодефиле, концерттік бағдарламалар, қолөнер көрмелері, шеберлік сағаттарын, «Бір ауыл — бір өнім» республикалық көрмесі, туристік бизнес-форум өткізу жоспарда бар.

Бұл шаралар қазақ өнерін, ұлттық қөлөнерді, ұлттық шығармашылық индустриясын және туризмді бір арнаға тоғыстырып, Түркістанды халықаралық мәдени орталық ретінде әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Іс-шараның басты мақсаты — Қазақстан шеберлерінің ұлттық мұрасын дәріптеу, Түркістанды түркі дүниесінің рухани әрі мәдени орталығы ретінде кеңінен таныту.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған