• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 6 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТІЛ – БІРЛІКТІҢ БЕРІК ТІРЕГІ

17.09.2026
in Қоғам, Мәдениет, Руханият
ТІЛ – БІРЛІКТІҢ БЕРІК ТІРЕГІ

«Сайрам» медициналық колледжінде студенттердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы біріктіруші рөлін кеңінен насихаттау және этносаралық татулық пен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Қазақ тілі – Ұлы даланың ұлтаралық тілі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіндірумен қатар, тіл арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсіністігі мен құрметін нығайту. Студенттерге қазақ тілінің еліміздегі түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсат пен құндылықтар төңірегінде топтастыратын маңызды құрал екені айтылды.
Кездесуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Шамирзаев Аббас, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Құрманғазы Лаура қатысты.
Мамандар өз сөздерінде жастардың қоғамдық ортадағы белсенділігі мен жауапкершілігінің маңызына тоқталды. Әсіресе түрлі көзқарастағы адамдармен мәдениетті қарым-қатынас орнату, пікірді құрметпен жеткізу және кез келген мәселені бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі маңызы, қазақ тілінің әртүрлі этнос өкілдерін біріктіретін ортақ құндылық ретіндегі орны туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, даулы жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Қатысушылар тіл үйренудің тек білім алу үдерісі емес, елдің мәдениеті мен тарихын танудың да бір жолы екенін атап өтті. Мемлекеттік тілді меңгеру жастардың қоғамдық ортаға еркін араласуына, түрлі әлеуметтік топтармен байланыс орнатуына және азаматтық жауапкершілігін арттыруына мүмкіндік береді.
«Қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтатын маңызды құндылық. Мемлекеттік тілді құрметтеу – елдің ортақ мәдени кеңістігіне құрметпен қараудың көрінісі. Жастардың тілге деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыру арқылы қоғамдық келісімнің берік негізін қалыптастыра аламыз», – деді кәсіби медиатор Аббас Ахмадшаевич.
Кездесу барысында студенттер өзара сыйластық, толеранттылық және қоғамдық келісімнің жастар өміріндегі маңызы жөнінде пайдалы мағлұмат алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен шара қатысушылардың өз ойын еркін жеткізіп, мамандарға көкейдегі сауалдарын қоюына мүмкіндік берді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.

Оқи отырыңыз...

Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

Студенттер пікірсайыста бақ сынады

29.10.2026
Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

Промышленность против экологии: студенты Шымкента провели дебаты

29.10.2026
Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

29.10.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

06.11.2026
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

06.11.2026

Бизнеске кедергі келтіретін түйткілдер: кәсіпкердің нақты ұсыныстары

06.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған