• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 9 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026
in Қоғам
ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және инфрақұрылым салаларындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сәрсен Абайұлының айтуынша, биыл Шымкентте халықты жұмыспен қамтуға ерекше басымдық беріліп отыр. 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болса, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бұл бағытта 24 571 адам қамтылып, жоспардың 78,3 пайызы орындалған.
– Жұмыспен қамту мәселесі қала тұрғындарының әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан біз тек жұмысқа орналастырумен шектелмей, азаматтардың кәсіби дағдыларын арттыруға, кәсіпкерлікпен айналысуына және тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беріп отырмыз, – деді Сәрсен Құранбек.
Оның айтуынша, жыл басынан бері кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай азаматтардың дағдыларын дамыту бағытында жоспарланған 3 660 адамның орнына 3 914 адам оқуға тартылған. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында да жоспарлы көрсеткіштерден жоғары нәтижелер бар. Биыл 2 530 адамға кәсіпкерлікті қолдау шараларын көрсету жоспарланса, нақты 2 726 адам қамтылған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2 623 адам оқуға тіркелген. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа бизнес бастауға мүмкіндік беретін мемлекеттік гранттар беру жұмыстары жүргізілуде. Биыл 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 400 грант беру жоспарланған. Қазіргі таңда 103 азамат грант иегері атанған. Сәрсен Құранбек еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға да тоқталды. 2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құраған. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші – 1,8 пайыз. Қалада еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді ұштастыру мақсатында бірқатар шара қолға алынған. Соның бірі алдағы 22 қыркүйекте «Көрме» орталығында өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. Ауқымды іс-шараға 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады деп жоспарлануда екен. Сонымен қатар 2025 жылы 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант алған азаматтар өздері өндірген өнімдерін көрмеге шығарып, кәсіпкерлік жобаларын таныстырады. Жәрмеңкенің тағы бір ерекшелігі еңбек күші тапшы өңірлердің өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Абай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарынан делегациялар келіп, Шымкент тұрғындарына өңіраралық жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұсынады. Білім беру жүйесіндегі атқарылып жатқан жұмыстар, мектептердің жағдайы мен білім алушыларға жасалып жатқан жағдайлар, денсаулық сақтау саласының дамуы, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту мәселелері қамтылды. Брифинг барысында Шымкентте салынып жатқан жаңа стадионның құрылысы жөнінде де ақпарат берілді. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, нысанның бас мердігері ауысып, стадион жобасына өзгерістер енгізілген. Бастапқыда 35 мың көрерменге есептелген стадионның сыйымдылығын 60 мың орынға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл ретте бюджет қаражаты 35 мың орындық нысанның құрылысына қарастырылған көлемде жұмсалады. Ал қосымша 25 мың орынға қатысты шығындарды жаңа мердігер компания өз міндеттемесіне алатын көрінеді. Стадион құрылысын бұған дейін Qazaq Stroy компаниясы жүргізген. Енді нысанды салу жұмыстары INTEGRO CONSTRUCTION компаниясына сеніп тапсырылмақ. Жобаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты стадионның сыйымдылығын арттырып, оны ірі спорттық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге бейімдеу.
Инфрақұрылым бағытында да қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері брифингтің негізгі тақырыптарының қатарында болды.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026
В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026
В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

09.09.2026

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026
ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026
В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған