• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 28 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Кәсіпкер үні – өңір дамуының негізі  

28.08.2026
in Басты ақпарат
Кәсіпкер үні – өңір дамуының негізі   

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі кезекті отырысын өткізді. Жиында өңірдегі кәсіпкерліктің қазіргі ахуалы, бизнес өкілдерінің проблемалық мәселелері, «Business Go» жобасы және «Atameken Fair / Turkistan Brand – 2026» жәрмеңкесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

28.08.2026
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

28.08.2026
ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

28.08.2026

Отырысты Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Жиын барысында Кеңестің 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қызметінің нәтижелері сараланып, кәсіпкерлердің ұсыныстары мен өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстарға басымдық берілді.

Есепті кезеңде Өңірлік кеңес аясында 3 сырттай отырыс және 1 көшпелі кездесу өткізіліп, барлығы 11 мәселе қаралған. Сонымен қатар Кеңес төрағасы Кентау қаласы мен Сауран ауданының кәсіпкерлерін жеке қабылдап, 6 бизнес өкілінің ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін тыңдаған.

Жиында кәсіпкерлердің инфрақұрылым, сумен қамту, қаржыландыру және өндірістік қажеттіліктеріне қатысты мәселелері де сөз болды. Атап айтқанда, «Хабибулла» ЖК-нің электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар алу, тамшылатып суару жүйесін енгізу және лизингтік қаржыландыру мәселелері көтерілсе, «DIVALUX» кәсіпорнының ауыз және техникалық сумен қамтамасыз етілу мәселесі қаралған.

Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов кәсіпкер көтерген әрбір мәселенің нақты шешім табуы маңызды екенін атап өтті.

«Кәсіпкердің мәселесі қай жерде туындаса, сол жерде оған нақты шешім ізделуі керек. Әсіресе аудан-қалалардағы бизнес өкілдерінің проблемаларына жіті назар аудару қажет. Өйткені шағын кәсіпкерліктің басым бөлігі жергілікті жерде жұмыс істейді. Олардың жұмысына кедергі келтіретін әрбір мәселе – өңір экономикасына әсер ететін фактор», – деді Нұралы Әбішов.

Жиында кәсіпкерлердің мәселелерін республикалық деңгейде көтеру жұмыстары да атап өтілді. Биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезінде Түркістан облысы тарапынан 12 мәселе көтерілген. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының Түркістан облысының кәсіпкерлерімен кездесуінде 10 мәселе қаралып, оның үшеуін Өңірлік кеңес мүшелері ұсынған.

Отырыста кәсіпкерлерге арналған «Business Go» жобасы да таныстырылды. Жиын барысында жобаның негізгі бағыттары, кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын мүмкіндіктері және бизнесті жүргізу үдерістерін цифрландырудағы маңызы талқыланды. Аталған бастама кәсіпкерлердің заманауи цифрлық құралдарды пайдалануына жол ашып, бизнес жүргізу үдерістерін оңтайландыруға бағытталған.

Өңірлік кеңес директоры Асылан Ибадуллаевтың айтуынша, кәсіпкермен тікелей жұмыс істеу – мәселені уақытында анықтап, тиімді шешім қабылдаудың маңызды тетігі.

«Бүгінде кәсіпкерлер үшін цифрлық құралдарды тиімді пайдалану өте маңызды. BusinessGO – бизнестің күнделікті жұмысын жеңілдетуге арналған бірқатар сервисті бір жүйеге біріктіретін цифрлық платформа. Оның көмегімен кәсіпкерлер есеп жүргізу, кассалық операциялар, тауар есебі және басқа да қажетті бизнес құралдарын бір жерден пайдалана алады. Біздің міндетіміз – осы мүмкіндіктер туралы кәсіпкерлерге кеңінен түсіндіріп, олардың заманауи цифрлық шешімдерді тиімді пайдалануына жағдай жасау», – деді Асылан Ибадуллаев

Сонымен қатар жиында «Atameken Fair / Turkistan Brand – 2026» жәрмеңкесін өткізу мәселесі талқыланды. Аталған жоба Түркістан облысында өндірілетін жергілікті өнімдерді кеңінен танытуға, кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуына және іскерлік байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарастырылуда.

Жиын соңында Кеңес мүшелерінің белсенділігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері де қаралды. Алдағы кезеңде кәсіпкерлермен тікелей кездесулерді көбейту, аудан-қалалардағы проблемаларды жергілікті жерде анықтау, көтерілген мәселелердің шешілу барысын тұрақты бақылау және Кеңес мүшелерінің белсенділігін арттыру міндеттері белгіленді.

Жалпы, Өңірлік кеңестің бүгінгі отырысында кәсіпкерлікті қолдаудың нақты тетіктері мен бизнестің өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Басты мақсат – кәсіпкер мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтіп, көтерілген әрбір мәселенің нақты нәтижеге ұласуына ықпал ету.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

28.08.2026
Кәсіпкер үні – өңір дамуының негізі   

Кәсіпкер үні – өңір дамуының негізі  

28.08.2026
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

28.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған