• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 27 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие

27.08.2026
in Басты ақпарат
Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие

Оқи отырыңыз...

Қаратау ауданындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Қаратау ауданындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

27.08.2026
Қытайлық инвесторлар Түркістанда биотехнологиялық өндіріс құруды жоспарлауда

Қытайлық инвесторлар Түркістанда биотехнологиялық өндіріс құруды жоспарлауда

26.08.2026
Брендке құқық – бизнеске қорған:  Түркістан кәсіпкерлеріне зияткерлік меншікті қорғау жолдары түсіндірілді

Брендке құқық – бизнеске қорған: Түркістан кәсіпкерлеріне зияткерлік меншікті қорғау жолдары түсіндірілді

26.08.2026

Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасында қызметтік этика нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған.

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде мыналарға міндетті екендігі белгіленген:

—    заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын сақтауға;

— азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға;

— мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге;

-азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті және тактілі болуға.

Әдеп кодексі тек қызметтік уақытқа ғана емес қолданылады. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі белсенділігі де мемлекеттік қызметтің беделіне әсер ететінін есте сақтауға міндетті.

Кодексте мемлекеттік қызметшілер:

қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынуға;

          дәйексіз ақпараттың таралуына жол бермеуге;

          жалпыға ортақ мораль мен іскерлік этика нормаларын сақтауға тиіс екендігі көрсетілген.

Этика нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік

Әдеп кодексі талаптарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл институтының негізгі міндеті – бұзушылықтардың алдын алу, адал және құрметті мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады, жазалау шаралары емес.

Қорытындылай келе, қызметтік этика – бұл формалдылық емес, мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың маңызды құралы екенін атап өткен жөн. Азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау, іскерлік қатынас нормаларын сақтау және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

А.УРМАНОВА,

Шымкент гарнизоны әскери сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие

Мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен тұрақты өзара іс-қимыл жағдайында қызметтік этика мәселелері ерекше маңызға ие

27.08.2026
Қаратау ауданындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Қаратау ауданындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

27.08.2026
КОМПЛАЕНСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУДАН ОНЫ ЖОЮҒА ДЕЙІН

КОМПЛАЕНСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУДАН ОНЫ ЖОЮҒА ДЕЙІН

27.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған