• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 21 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

300-ден астам қытайлық компания Қазақстан бизнесімен байланыс орнатуда

21.08.2026
in Басты ақпарат
300-ден астам қытайлық компания Қазақстан бизнесімен байланыс орнатуда

Алматыда Қытай мен Орталық Азия кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған ауқымды халықаралық форум-көрме өтіп жатыр. 20–22 тамыз аралығында ұйымдастырылған шараға Қытайдың Цзянсу және өзге де өңірлерінен 300-ден астам өндіруші компания, инвесторлар, сатып алушылар мен бизнес өкілдері қатысуда.

Оқи отырыңыз...

Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі   қолжетімді болады

Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі  қолжетімді болады

21.08.2026
Кәсіпкердің мәселесі кеңес отырысында қаралды: мектепке дейінгі білім беру нысанын пайдалануға қабылдау тәртібі талқыланды 

Кәсіпкердің мәселесі кеңес отырысында қаралды: мектепке дейінгі білім беру нысанын пайдалануға қабылдау тәртібі талқыланды 

20.08.2026
Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

18.08.2026

Халықаралық алаңға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан және Орталық Азияның өзге де елдерінен кәсіпкерлер жиналды. Бұл өз кезегінде көрменің тек тауар таныстыратын алаң емес, жаңа іскерлік байланыстар мен инвестициялық жобаларды қалыптастыратын өңірлік маңызы бар платформаға айналғанын көрсетеді.

Іс-шараға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, қытайлық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен кездесулер өткізуде. Келіссөздер барысында өңір кәсіпкерлерінің халықаралық нарыққа шығуы, инвестиция тарту, өндірістік кооперация орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқылануда.

Қытайлық тарап үшін Орталық Азия нарығының әлеуеті жоғары. Көрме аясында қытайлық компаниялар өңірден ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік, шикізат, минералдық ресурстар, тоқыма және экспорттық әлеуеті бар басқа да тауарларды жеткізушілерді іздеуде. Сонымен бірге Қазақстанда өндірісті жергіліктендіру, дистрибуция, технологиялық және инвестициялық әріптестік мәселелеріне де басымдық берілуде.

Бұл бағыт Түркістан облысының кәсіпкерлері үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өңірдің аграрлық, өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетін халықаралық серіктестерге таныстырып, нақты бизнес-контактілер орнату арқылы жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік бар.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір бизнесінің сыртқы нарықтарға шығуына, жаңа серіктестер табуына және инвестициялық жобаларды ілгерілетуге бағытталған жұмысты жалғастыруда. Алматыдағы форум-көрме осы жұмыстардың нақты нәтижеге бағытталған маңызды алаңдарының бірі болып отыр.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Жанаталапе открылась новая детская площадка

В Жанаталапе открылась новая детская площадка

21.08.2026
Шымкентте балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

Шымкентте балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

21.08.2026
Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі   қолжетімді болады

Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі  қолжетімді болады

21.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған