Шымкенттің Тұран ауданындағы Асқаров көшесі, 34-үйдің ауласында балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді.
Жаңа нысанда балалардың жас ерекшелігіне сай ойын құрылғылары орнатылып, аумақ абаттандырылған. Алаңда қауіпсіздік талаптарына да ерекше көңіл бөлінген. Енді аула тұрғындарының балалары бос уақытын қауіпсіз әрі жайлы ортада өткізе алады.
Тұран ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Балғановтың айтуынша, балаларға қолайлы жағдай жасау – аудан әкімдігінің негізгі бағыттарының бірі.
«Балалардың өз ауласында қауіпсіз әрі жайлы жерде ойнап, уақытын тиімді өткізуі маңызды. Тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, ауданда балалар алаңдарын жаңарту және жаңа нысандар салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді», – деді ол.
Қазіргі таңда Тұран ауданында бірнеше балалар ойын алаңының құрылысы аяқталып, олар кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.




