• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 17 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні аясында «Ән аға-Жан аға» концерті өтеді

17.08.2026
in Басты ақпарат
Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні аясында «Ән аға-Жан аға» концерті өтеді

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында сайлау қарсаңында уақытша тіркеу учаскелері анықталды: Азаматтардың конституциялық құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

Түркістан облысында сайлау қарсаңында уақытша тіркеу учаскелері анықталды: Азаматтардың конституциялық құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

16.08.2026
Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

16.08.2026
Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

16.08.2026

«Қазақтай асыл халқым барда менің әндерім мәңгі жасай берері анық»

Шәмші Қалдаяқов

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Ш. Қалдаяқов атындағы филармониясының «Ән аға – жан аға» атты концерттік жобасы маңызды рухани жобалардың біріне айналды. Қазақ вальсінің королі, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың мол мұрасын ұлықтауға бағытталған бұл концерттік бағдарлама көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

63 жылдық тарихы бар өнер ордасы ұлттық өнерді ұлықтап, дәстүрлі және заманауи мәдениетті сабақтастыра отырып, ел руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Филармония құрамындағы «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Алаш» вокалды аспаптар ансамблі, Камералық оркестр, «Фараб» би театры, «Ғасыр» би ансамблі, «Дәстүрлі» және «Эстрада» ұжымдары  әрбір жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыруда.

«Ән аға – жан аға» концерттік жобасы бұған дейін Шымкент, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Тараз, Астана қалаларында табысты өтті.

Ағымдағы жылы Ш.Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы композизордың туған күні аясында 15 тамыз бен 20 тамыз аралығында іс-шаралар апталығын жүзеге асырады. Апталық шеңберінде 20 тамыз күні Түркістан облысы, Отырар ауданының орталық «Әл-Фараби» алаңында қорытынды гала концерт өтеді.

Кештің басты ерекшелігі – Шәмшідей дарынды сазгерді дүниеге әкелген туған жерінде өтуінде және вальс королінің өмірі мен шығармашылығына қатысты бұрын-соңды жарияланбаған мұрағаттық деректердің сахналық форматта ұсынылуы, Композитордың  әндерінің дүниеге келу тарихы баяндалуы, әр туындының рухани мәні кеңінен ашылады. Барлық әндер жанды дауыста, жанды аспаптық сүйемелдеумен орындалып, көрерменді шынайы өнердің атмосферасына бөлейді.

Бұл жобаға 24 жылдық тарихы бар «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалды-аспаптар ансамблі, «Фараб» би театры, «Ғасыр» би ансамблі және филармонияның талантты әншілері қатысты.

Сонымен қатар сахна төрінде ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Наркенже Серікбаева мен Хадиша Сейітова, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Сарын» тобы және өзге де өнер шеберлері көрерменге әсерлі кеш ұсынады.

«Ән аға – жан аға» жобасы – жай ғана концерт емес, ұлттық өнерге тағзым, ұлы сазгердің шығармашылық мұрасын жаңа форматта дәріптеген тағылымды мәдени жоба.

Алдағы уақытта Түркістан облыстық Ш. Қалдаяқов атындағы филармониясы бұл рухани жобаны еліміздің Батыс өңірлерінде сондай-ақ, шет мемлекеттерде жалғастырып, Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік мұрасын кеңінен насихаттауды жоспарлап отыр.

Құрметті БАҚ өкілдері Сіздерден мәдени жаңалықтардың жаршысы ретінде аталған іс-шараға ақпараттық қолдау көрсетіп, телеарнаның жаңалықтарынан көрсетілуіне ықпал жасауларыңызда сұраймыз!

Алдын-ала алғысымызды білдіреміз!

Концерттің өтетін күні: 20 тамыз, 19.00

Өтетін орны: Түркістан қ. Отырар ауданы орталық «Әл-Фараби» алаңы.

Құрметпен филармония ұжымы!

Байланыс: 8 702 162 48 81

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

«Закон и порядок»: определены приоритетные направления деятельности полиции Алматы

17.08.2026
«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

17.08.2026
Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні аясында «Ән аға-Жан аға» концерті өтеді

Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні аясында «Ән аға-Жан аға» концерті өтеді

17.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған