• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

11.08.2026
in Басты ақпарат
Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында өңір кәсіпкерлері мен инвесторларының қатысуымен «Қаржылық шешімдер және бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында бизнес-кездесу ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз...

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026

Іс-шараға өңір кәсіпкерлері, «ЦентрКредит» банкінің және «ҚазСтандарт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – бизнес өкілдерін заманауи қаржыландыру тетіктерімен, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған құралдармен, мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен және қауіпсіз банктік қызметтермен таныстыру.

Жиын барысында «ЦентрКредит» банкінің мамандары лизингтік бағдарламалар, инвестициялық өнімдер, бизнесті сақтандыру, эскроу-шоттар, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке арналған қаржылық шешімдер жөнінде кеңінен таныстырды. Сонымен қатар қатысушыларға кәсіпкерлікті дамытуға арналған банктік өнімдер, халықаралық есеп айырысу мүмкіндіктері мен бизнестегі қаржылық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған заманауи құралдар туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде «ҚазСтандарт» РМК өкілдері отандық тауар өндірушілерді техникалық реттеу және стандарттау жүйесі арқылы қолдау тетіктеріне тоқталып, сапа талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етудің маңызын түсіндірді.

Кездесуде мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эскроу-шоттың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Мамандардың айтуынша, бұл жүйеде сатып алушының қаражаты келісімшарт талаптары толық орындалғанға дейін арнайы банктік шотта сақталады. Міндеттемелер орындалғаннан кейін ғана қаражат алушыға аударылады. Мұндай тәсіл есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етіп, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға және тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Палатаның Салалық даму және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Гүлназ Есетова мұндай кездесулердің кәсіпкерлер үшін практикалық маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда бизнестің тұрақты дамуы қаржылық құралдарды тиімді пайдалана білумен тікелей байланысты. Осындай алаңдар кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктерді танып-білуге, инвестициялық бастамаларды іске асыру жолдарын зерделеуге және мемлекеттік қолдау тетіктері туралы толыққанды мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа жобалардың жүзеге асуына, іскерлік белсенділіктің артуына және өңірдің инвестициялық тартымдылығының күшеюіне оң ықпал етеді», – деді Гүлназ Есетова.

Кездесу соңында қатысушылар қаржыландыру тетіктері, инвестициялық жобаларды іске асыру, мемлекеттік қолдау шаралары және қауіпсіз есеп айырысу жүйелері бойынша өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, сала мамандарымен пікір алмасты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тұғыры биік туған тіл

Тұғыры биік туған тіл

08.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған