Шымкент қалалық корейлер қауымдастығының белсенділерімен «Конституция және біз» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы рөлін түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және Ата Заңда айқындалған құқықтар мен міндеттер туралы кеңінен ақпарат беру.
Кездесуге этномәдени бірлестік мүшелері қатысып, Конституцияның елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Ата Заңның қоғамдағы өзара қарым-қатынастарды реттеудегі және азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін қалыптастырудағы рөліне назар аударды.
Жиын барысында қалалық корейлер қауымдастығының белсенді мүшесі Тигай Вадим Дмитриевич сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарына тоқталды. Ол Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы орны, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Спикер Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтардың азаматтардың күнделікті өміріндегі маңызына тоқталып, құқықпен қатар міндеттерді орындаудың да маңызды екенін атап өтті. Азаматтардың заң талаптарын сақтауы, өз құқықтарын білуі және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтуға ықпал ететіні айтылды.
Кездесуде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, заңды құрметтеу мен азаматтық жауапкершілік отбасынан және күнделікті ортадан басталады. Әр азамат өзінің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін түсінген жағдайда ғана құқықтық мәдениеті жоғары, тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар Конституцияның Қазақстандағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтаудағы маңызы сөз болды. Көпэтносты мемлекет жағдайында барлық азаматтардың ортақ құқықтық құндылықтарды құрметтеуі, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуы ел бірлігінің берік негізі екені атап өтілді. Этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстарының маңызы да айтылды.
Ақпараттық-түсіндіру кездесуі барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Конституцияның қоғамдағы орны мен маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Әңгіме барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнамалық өзгерістер туралы ақпаратты халыққа түсінікті түрде жеткізу мәселелері де қозғалды.
Кездесу соңында қатысушылар Конституция қағидаттарын құрметтеу, заң үстемдігін сақтау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға да өз үлесін қосады.





