• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 24 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

15.07.2026
in Қоғам
ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы Абай саябағында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни идеологиялардың алдын алу және азаматтарға діни мәселелер бойынша дұрыс ақпарат жеткізу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Сымбат Сейітхан қатысып, қала тұрғындарымен тікелей кездесу өткізді.
Түсіндіру жұмыстары «Жат діни ағымдардан қорғану және алдын алу тәсілдері және кереғар діни идеологиялардың ықпалынан сақтау» тақырыбына арналды. Кездесу барысында діни сауаттылықты арттырудың маңызы, күмәнді діни ақпараттың адам санасына әсері және теріс идеологиялық ықпалдың алдын алу жолдары жөнінде кеңінен түсініктеме берілді.
Теолог маман қазіргі ақпараттық кеңістікте діни мазмұндағы түрлі материалдардың көптеп таралатынына назар аударып, тұрғындарды кез келген ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырды. Әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында таралатын діни уағыздар мен жазбалардың мазмұнына сақтықпен қарау, белгісіз ақпарат көздеріне сенбеу және діни мәселелер бойынша ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында теріс діни ағымдардың қоғамға және жеке тұлғаға тигізуі мүмкін кері әсері түсіндірілді. Деструктивті идеологияның ықпалы адамның қалыпты әлеуметтік байланыстарына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдық ортадағы көзқарасына әсер етуі мүмкін екені атап өтілді. Осыған байланысты азаматтардың ақпараттық және діни сауаттылығын арттырудың алдын алу жұмыстарындағы орны ерекше екені айтылды.
Тұрғындарға діни ақпараттық парақшалар таратылып, онда теріс діни ағымдардың қауіптілігі, олардың негізгі белгілері және мұндай идеологиялық ықпалдан сақтану жолдары туралы қажетті мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар жадынамалық материалдар тарқатылып, азаматтарға күнделікті өмірде діни ақпаратпен жұмыс істеу кезінде ескеретін маңызды мәселелер түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ашық форматта жүргізіліп, саябаққа келген тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын теолог маманға қойып, нақты жауаптар алды. Қатысушылар дін саласына қатысты көкейде жүрген мәселелер бойынша пікір алмасып, қажетті кеңестерге ие болды.
Мамандардың айтуынша, деструктивті діни ағымдардың алдын алуда жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, жастардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және күмәнді ақпараттың ықпалына түспеуге үйрету – қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды бағыттарының бірі.
Осындай кездесулер азаматтарға діни мәселелер бойынша дұрыс бағдар беріп қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Оқи отырыңыз...

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

23.09.2026
Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

23.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

23.09.2026
Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

23.09.2026
КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған