• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 24 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

10.07.2026
in Қоғам
КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласының А.С. Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституция – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің негізі» тақырыбында кәсіби медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Басқосуға кәсіби медиаторлармен қатар, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың төрағалары және қоғам белсенділері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызын кеңінен насихаттау және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуда медиация институтының мүмкіндіктерін талқылау болды.
Жиын барысында Конституцияның мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік пен сенімді қалыптастырудағы орнына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Ата Заңда бекітілген заң үстемдігі, азаматтардың теңдігі, құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттары қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар даулы мәселелерді заң аясында шешудің және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың қажеттілігі сөз болды.
Өз сөзінде Дана Кенжеқұлова Конституцияның мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің берік іргетасы екенін атап өтті.
– Конституция – бұл заңдардың жиынтығы ғана емес, қоғамдағы тұрақтылықтың, әділеттіліктің және азаматтардың тең құқықтарының кепілі. Қоғамдағы кез келген дау мен келіспеушілікті заң аясында, өзара түсіністік пен келісім арқылы шешу – өркениетті қоғамның басты белгісі. Медиация институты осы құндылықтарды жүзеге асыруға қызмет етеді және қоғамдағы татулықты сақтаудың тиімді тетігі болып табылады, – деді Дана Ақәділқызы.
Дөңгелек үстел барысында медиацияның азаматтар арасындағы дауларды сотқа жеткізбей шешудегі мүмкіндіктері де талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, тараптардың бір-бірін тыңдап, ортақ шешімге келуі қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайтады. Бұл ретте кәсіби медиаторлардың білімі мен тәжірибесі дауласушы тараптарға мәселені бейбіт жолмен реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және медиация институтын одан әрі дамыту бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды. Қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің бұл бағыттағы белсенділігі қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететіні айтылды.
Жиын соңында қатысушылар Конституция қағидаттарын құрметтеу, заң үстемдігін сақтау және дауларды өзара түсіністік арқылы шешу мәдениетін қалыптастыру – тұрақты әрі әділетті қоғам құрудың маңызды шарттары екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз...

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

БІРЛІКТІ ҰРПАҚ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚ

23.09.2026
Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане

23.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ ЕНГІЗІЛЕДІ

23.09.2026
Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

Әскери қызметшілерге біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеу туралы даулар

23.09.2026
КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

23.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған