#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК
“Ішімдіксіз ауыл – қауіпсіз қоғам” жедел профилактикалық іс-шарасы 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Профилактикалық іс-шара аясында сауда орындары тексеріліп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.





